Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жолдаудан соңғы ой...

08.10.2018 627

Жолдаудан соңғы ой...

(мөлтек қайырым)

Қазақ елінің Президенті Н. Назарбаев өзінің кезекті жолдауын арнады халқына. Халқымыздың әл-аухатын арттырудың сан-салалы бағыттарын қамтыған осынау Жолдаудан менің ерекше ұнатып, барынша ықыластана тыңдағаным – жұртшылығымыз үшін барынша әрі мейлінше маңызды екі сала болды. Олар мыналар: алдымен, Елбасы кісі денсаулығының әркез мықты, саламатты болуын үнемі қадағалау керектігіне баса назар аударды, жүрек ауруынан соң екінші кезекте тұрған онкосырқатты емдеп жазу, осы бағытта ең озық технологиямен қамтылған арнаулы аурухананың ашылуы, әсіресе Астанада ең соңғы, жетілдірілген тиімді технологиямен жабдықталған онкоцентрдің салынуы жайына ерекше тоқталды – жаны сау адам ғана Отанын ойлап, оны шын жүрегімен сүйіп, ізгілікке қадам жасап, парасатқа иек артып, жақсы істерге ұмтылады; екіншісі, жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру үшін мектептердегі жағдайды тиісінше жылдам да әбжіл жақсартып, көпкезектілікпен оқытуды жөнге келтіріп, ұстаздарға да жағдай жасап, қысқасы, білімді ұрпақ өсіріп шығаруға жоғары деңгейде ықылас пен ынталылық байқату жайына баса назар аударды – терең де сапалы білім ғана биік белестерді бағындырудың төте жолы, сондай білімді бойына сіңіріп өскен ұланы көп елдің болашағы да барынша даңғыл! Осы ретте келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауды да ұсынды – өте дұрыс қадам! Оған қоса, ұстаз-педагогтердің мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтата түсу бағытында арнайы құжат қабылдануы керектігін де нықтап айтты – жақсылыққа бастар ең төте сара жол осы! Қысқасы, биылғы Елбасы Жолдауы ел жағдайын ойлаған көптеген көңіл тояттар жаңалықтарымен қымбат!

Жолтай Әлмашұылы,

жазушы-драматург


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар