Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жаһандану жағдайындағы жаңа дамудың жаңа бағыттары

09.10.2018 1570

Жаһандану жағдайындағы жаңа дамудың жаңа бағыттары

Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы өнер Ордасы ұжымында айрықша сер­піліс туғызды. Бұл Жолдау бүгінде жоғары білім беру саласында сапалы білімге басымдық танытып отыр. Еліміздің бүгінгі қарқынды дамуы, соның нәтижесінде жастарға жасалып жатқан жақсылықтар біздің жан-жақты білім алуымызға, жан-жақты хабардар болуымызға жол ашып отыр.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлықты күні ертең өз еңбегімізбен қайтарудың үлкен жауапкершілігі жүктелді. Қазіргі ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Аталмыш құжат болашақта мәдениет және өнер саласында жоғары білім беру және ғылыми әлеуетін дамытудың жаңа міндеттері мен бағыттарын айқындайтын болмақ. Осы орайда, 2018 жылдың 9 қазан күні Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы және «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалымен бірлескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5-ші қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының шеңберінде «Жаһандану жағдайындағы жаңа бағыттардың дамуы» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынның мақсаты – жаһандану жағдайындағы қоғамның рухани және зияткерлік дамуы, құндылықтар мәселесі, қазіргі білім беру мен тәрбие, жаңа бағыттардың дамуы және оны іске асыру жолдарының шешуші факторларын талқылау. Шараға «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы өкілдері, Академияның профессор-оқытушы құрамы және еліміздің шығармашылық элита өкілдері мен жетекші ғалымдар қатысты.

Дөңгелек үстелді жүргізуші модератор Т.Қ. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының ректорының міндетін атқарушы саяси ғылымдардың докторы, профессор Шәріпбек Әмірбеков жаңа Жолдаудың ел өміріндегі маңыздылығына тоқталып, жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау негізгі басымдығы бойынша жан-жақты толық мәлімет жасады. Ол өз сөзінде: «Жолдау өнер саласында бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеумен айналысатын біздің ұжымның профессор-оқытушы қауымына да үлкен серпіліс беруде. ХХІ ғасыр бәсекеге қабілетті мамандардың заманы деп білетін өнер ұжымы үшін Жолдаудың ІІ тармағындағы бесінші басымдығында көрсетілген жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийлері бойынша ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту мәселелері бүгінгі атқарып отырған жұмысымызға сапа жағынан тың серпіліс береді. Еліміздің баянды болашағы үшін қызмет ету әрқайсымыздың парызымыз! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Жолдауда көрсетілген маңызды талаптарды академия ұжымы мен студенттер болып қолдайтын, ел мерейін үстем ететін дамудың жаңа бағдары екені даусыз!» – деді.

Дөңгелек үстел отырысы барысында «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Мұқанова Жолдау мазмұнын баяндап, білім саласы бағытындағы басымдықтарға нақты тоқталып өтті. Отырыс соңында Жолдауда көрсетілген басымдықтар бойынша талқылау жүргізілді. Сондай-ақ, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, профессор Есмұқан Обаев, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, профессор Бауыржан Байділда және тағы басқа бірқатар өнер саласының өкілдері өз ойларымен бөлісті.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: Жаһандану жағдайындағы жаңа дамудың жаңа бағыттары, жолдау
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар