Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
World Dombyra Festival атты жаһандық жоба

05.07.2020 1052

World Dombyra Festival атты жаһандық жоба

2020 жылдың 20 маусым мен 5 шілде аралығында Әлішер Тұрсын жетекшілік ететін "QazAlliance" шетелдегі қазақстандықтар альянсы "World Dombyra Festival" атты жаһандық жоба өтті, 1 кезең - жергілікті жерлерде фестиваль және түсіру 20.06.20 - 4.07.20 аралығы, 2 кезең – фестиваль қортындысы бойынша 5 шілде бейнеклип шығарылымы.

Жоба Әлішер Тұрсын жетекшілік еткен "QazAlliance" шетелдеріндегі қазақстандықтар Альянсымен құрылған. Аталған жобаға "ҚазАқпарат" ХАА ақпараттық серіктес ретінде қолдау көрсет, Алмаз Түленов бастаған Kusto Group компаниясы демеушілік жасады.

"World Dombyra Festival" жобасына әлемнің 25 елі мен 36 қаласынан қазақстандықтар мен этникалық қазақтар қатысты. Олардың барлығы дерлік домбыра шеберлері. QazAlliance өкілдерінің айтуынша, бұл фестиваль Ұлттық домбыра күніне орайластырылған және дәстүрлі түрде өтуге бар мүмкіндігі бар екенін жеткізу керек. Сол себепті "World Dombyra Festival" жобасын жыл сайын өткізу жоспарлануда екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты - шет елдерде Қазақстанның имиджі мен мәдениетін таныту, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар мен ұлттық өнерге баулу және оларға ұлттық бірегейлігімізді дәріптеу.


Жобаның ең тамаша тосынсыйы еліміздің жарық жұлдызы Димаш Құдайбергенге арналған "Димаш Байжұма" күйі болды. "World Dombyra Festival" жобасына Ресейдің Алтай Республикасынан қатысушысы Жанайдар Нұрсалиев осылайша Димаштың құрметіне күй арнап, барлық қазақстандықтарды және Димаштың өнеріне тәнті жанкүйерлерді ("Dears") ерекше қуаныш пен шаттыққа бөледі.


Естеріңізге сала кетейік, "QazAlliance" шетелдегі қазақстандықтар альянсы 2015 жылы құрылып, бүгінгі күні әлемнің 20 астам елдерінде өкілдері жұмыс жасайды және шет елдердегі қазақстандықтардың ұйымдары мен бірқатар ірі Қазақстан студенттерінің қауымдастықтарын біріктіреді. Альянс президентінен бастап мүше болған барлық патриоттар ақысыз түрде қызмет жасайды. Олар жұмыстары мен сабақтарынан тыс уақыттарын шетелде Қазақстанға пайдалы жобаларды жүзеге асыруға арнайтын еріктілер.


"QazAlliance" шетелдегі қазақстандықтар альянсының мақсаты мен миссиясы - шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының Қазақстанның мемлекеттілігін арттыруға, оның тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтуға бағытталған күштерін біріктіруге атсалысу, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың прогрессивті және бейбітсүйгіш бастамаларын, халықаралық және ұлттық дамуға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға атсалысу, өз мүшелерінің бірігуі мен белсенділіктерін арттыруға жағдай жасау, жан-жақты ынтымақтастықты дамыту пен өзара байланысты нығайту, шетелде уақытша немесе тұрақты жүрген Қазақстан азаматтарының белсенділігін еліміздің тұрақты дамуы жолында арттыру және олардың күштерін біріктіру. Сонымен қатар, Қазақстанның мықты мемлекет болуына қолғабыс жасау және "Мәңгілік ел" идеясы мен құндылықтарын, "Қазақстан 2050" Стратегиясының идеологиясы мен міндеттерін өрістету.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар