Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ван Сяоли. Horror

28.05.2020 822

Ван Сяоли. Horror

Адамдар неден қорқады? Дүниені дүр сілкіндірген Ом заңынан қаншалық қорқып еді? Жапониядағы Кобе жер сілкінісі де ұмыт болып бара жатқан жоқ па? Экономика ғарыштап дамып, адамдар материялдық құндылыққа құдайдай сенетін болғаны қайда? Біздіңше қорқыныш атаулысы – болымыстық тұрғыда ғана емес, ол фантастикалық, мистикалық, авантюралық шығармаларда немесе киноларда жүз беруі әбден мүмкін...

Негізгі айтқымыз келгені қорқынышты әңгіме-романдар туралы болмақ. Қандай шығарма ең қорқынышты? Мүмкін фантастикалық шығармалар деуімізде болар, бірақ фантастика - өмір шындығын қиял-ғажайып тұрғысынан әсірелеп бейнелейді, оның бәрі қорқынышты бола бермейді. Ал мистикалық шығарма деуімізге де мүмкіндіктің бары рас, дегенмен мистика - бар болғаны дүниеге деген діни-идеалистік көзқарастың жемісі, оның қорқынышынан гөрі құпиясы басым. Ал авантюралық шығармаларда белгілі деңгейде қорқыныш пен қауіптің қатар өрілетіні болмаса, оның түпкі мақсаты, авантюраға қатысқан кейіпкер шығарма соңында барлық қауып-қатерді артқа тастап, түбінде жеңіске жетеді.

Айтпағымыз тек ғана қорқынышты шығармалар болғандықтан енді соған көшейік. Қорқынышты шығарма - Жапондар ертеде мұны “Ғажайып туынды” деп атаған. Кейіндеп ағылшындар “horror” немесе қорқынышты шығарма деп атап кетті. Тіпті кейіндеп “modern horror” немесе модернистік қорқынышты шығармалар деген атаулар да пайда бола бастады. «Ежелгі оқиғалар тізбегі», «Жапонияның 697 жылға дейінгі хроникасы» (Chronicles of Japan from the Earliest Times to A.D. 697) атты көне мифтік кітаптарда, Мысыр пайғамбарлары туралы мифтерде қорқынышты адамдар мен сюжеттер бар болғанымен, әдеби парафраз тұрғысынан алып қарасақ, Уэда Акинаридің 1776 жылы басылып шыққан «Жаңбыр мен айдың хикаясы» қорқынышты туындылардың алғашқысы болса керек. Осы заман әдебиетінде Изуми Кёканың «Такашино» (1900 жыл) және «Көктемгі фестиваль», «Көктем фестивалінен кейін» (1906 жыл) атты туындылары қорқынышты шығармалардың тиіптік жауһары бола алады. 1930 жылдары детективті жазушы Кусано Конно «Әкемнің сиқыры» атты шығармасында экстрасенсорлық қабілет пен әдеттен тыс психологияны сипаттап, осы заман мен сюрреализмді байланыстырды. Ондағы “көзге көрінсе болды құтырынатын сурет” ізін суытпастан Сузуки Кожидің «Шынжыр» романына да арқау болады.

Қорқынышты шығармалар бастабында виртуалды болғанымен, жүре келе майдаланған тұстары ілікке алынбайтын болды. Айталық, Хикару Окуидзумидің «Тастар тарихы», Рейко Хиноның «Екі жүз монақ» романдары да модернистік қорқынышты шығармалар қатарына кіреді.

Америкалық қорқынышты шығарма жазушы Лавкрафт: «Есте жоқ ескі заманда-ақ ең күшті сезім - қорқыныш болған, ал қорқыныштың қорқынышты тұсы - белгісіз заттарға деген көзқараста», - дейді. Ал сіз не үшін қорқынышты әңгіме жазасыз деген сұраққа Стивен Кинг: «Себебі мен оқырмандарды үрейлендіргім келеді. Қорқынышты шығармалардың миссясы оқырмандардың үрейін ұшыру арқыл, оның психологиясына әсер ету», - деп түйіндейді.

Егер Эдгар Поның 1841 жылы жарық көрген «Морг көшесінің қанды оқиғасын» детективті роман қатарына жатқызсақ, онда қорқынышты шығармалардың тамырын XVIII ғасырдағы ағылшынның «Ескі құлып» романынан іздестіруге болады. Роберт Уолпол 1764 жылы ежелгі романтиканы заманауи шығармаларға кірістірді. «Отранто құлпы» романы соның тиіптік өкілі. Десе де, символист ақын Эдгар Поның романы мистикалық сарындағы қорқыныш пен хикметке толы болғанымен, ғылыми прогресс тұрғысынан алып қарағанда шығарма желісінің дамуына ұтымдылық әкелді. Қорқынышты шығармалар - анти-мейнстримге жататын, мораль мен тәртіпке қайшы ой жемісі. 1790 жылдары руханияттың өзі психологиялық террорға және физикалық, физиологиялық террорға ұшырап, 1820 жылдары қалыпқа келе бастады. Ал ғылым – дәстүрлі көзқарастағы гротескті бұзып, адамдар сол арқылы жаңа гротеск жаратты. Сонымен қатар, 19 ғасыр басында Лондон сиқырлы сахна ретінде адамдардың құт мекеніне айналды.

1869 жылы ирландиялық романист Шеридан Ле Фанюдың «Жасыл шай» шығармасы сондағы қоғамдық атмосфераның тынышын кетіріп, қоғамдық журналдар бірінен соң бірі жарыса жариялап, сол үрдіс 1920 жылы ғана саябырлады. Бұл романның идеал режимі туралы М.Р. Джеймс: «Егер сіз бірінші кезекте кейіпкерлермен таныссаңыз, онда олар күнделікті тривиалға шоғырланатын болады, ешқандай қатерді алдын-ала сезбейсің; қоршаған ортадан жылулық сезіп, мамыражай күй кешесің. Шығарманың соңын ала кейіпкерлер де күрделіленіп, соңында бүкіл сахнаны қорғыныш билейді» деген еді.

Мейчин мен Блэквуд ғажайып будданың гүлденген кезін арқау ете отырып детективті романдар жазды. Олардың әсерімен америкалық жазушы Лавкрафт та 1920-1930 жылдар аралығында, әлемдік қорқынышты романдар сериясын жазды. Ондағы базалық құрылым негізінен: жер шарының өзгеруі; хаотикалық жағдайда пайда болған монстр туралы; ежелгі құпиялардың белгісі бір кітапта жазылғаны; олар тіріліп жер шарына қожалық ететіні туралы болды.

Мейчин, Блэквуд, М.Р. Джеймс, Шеридан Ле Фанютер - XX ғасырдағы қорқынышты шығарма жанрының төрт негізгі уәкілі болды. 1950 жылы қорқынышты шығармалар жанры сахнадан түсіп, жазушылар фантастикалық шығармалар мен детективті шығармаларға ауыз сала бастады. 1960 жылдардағы турбуленттік кезеңдерде, байлығы асып-төгілген Америкада қақтығыстар толастамады. Жастар анти-мейнстримді желеу етіп дүниеден бәз кешіп, мистицизмді қайта жаңғыртты. Айталық, Роберт Блоктың «Психопаттар» романы (1959 жыл) және Элла Левиннің «Ібіліс патшасы» романы - модернистік қорқынышты шығармалар жанрының шымылдығын ашты.

1970 жылдардың алдыңғы ширегінде, Стивен Кингтың шығармасы үш миллион данамен таралып, қорқынышты шығармалар жанрының кореліне айналды. Оның бастауында қорқынышты шығармалардың формасы - қысқа әңгімеден романға дейін кеңейтілді. 1970 жылдың соңғы ширегінде қорқынышты романдар мен ғылыми фантастикалық шығармалар бірінен соң бірі жарық көріп, кітапхана сөресінде “қорқынышты шығармалар” деген атпен біраз кітап тізілді.

1980 жылдары Дин Кунцтың қорқынышты шығармалар жинағы да сатылымның алдын бермей, Стивен Кингпен қатар тұрды. 1987 жылы сатылымға шыққан Роберт Маккаммонның шығармалары сол кезеңдегі қоғамның “қорқынышты түсін” бейнелейді. Басылым саны алдыңғы екі жазушыға жетпегенімен, атағы айды аспанға бірақ шығарды. Бұл жанрдың өрісі шектеулі болғандықтан, ол 1990 жылдан кейін қайтып мойын бұрмады.

Ал қазіргі қорқынышты шығармалар өзіндік атмосферасын қалыптастырып қойғанын айтпағанда, сюжеті кино тіліне де айналып үлгерді. 1988 жылы Стивен Кинг, Дин Кунц қатарлы қаламгерлер бірлесіп “Америка қорқынышты шығарма авторлары қауымдастығын” (The Mystery Writers of America) құрды, әрі осы атқа сыйлық та тағайындады.

Бұл жанр көп санды оқырманға ұнамауы да мүмкін, десе де, Стивен Кингтің тұрақты оқырмандары үшін маңызды деп ойлаймыз...

Қорқынышты шығармалар дами келе Голливуд киноларының айырылмас бір бөлегіне айналды. 1960 жылдарда қорқынышты әңгімелер мен қорқынышты кинолар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап, сол кезеңнің басты категориясына айналды. 1947 жылы Мэн штатында туылған Стивен Кингкетің туған жері оның шығармашылық сахнасына айналды. Университет бітіргеннен кейін де жалдамалы жұмыс істей жүріп шығармашылықпен айналысады. Ол ерекше қабылет иесі Чарли туралы роман жазып, жартысына келгенде аяқтастыра алмай, қоқсыққа тастайды. Бірақ әйелі оны жігерлендіріп, қоқыстағы шығарманы қайта жалғастыруға кеңес береді. 2500 доллармен басылып шыққан романның экранизациясы 400 мың доллармен көрерменге жол тартады. Оның жетістігі қай дәуір тұрғысынан алып қарасаң да өте биік бағалануға тиіс.

1986 жылы Стивен Кингтен кейінгі буын, қорқынышты шығарма жанрын – әсілі революциялық деңгейдегі, радикалды, шеңберге симайтын, ойлау жүйесіне әсер ететін, дәстүрлі құндылықтарға қарсы, ібіліспен үндесетін коммерциялық шығарма деп қабылдады.

Ал 1995 жылы Хидэаки Сэнаның «Ева Паразиті» (Parasite Eve) атты романы “Жапон қорқынышты шығармалар сыйлығын” жеңіп алып, жарты жыл ішінде 55 мың данамен таралады. Осы шығарма арқылы Жапондар да америкалықтармен иық тіресе алды. Сузуки Кожидің «Шынжыр» және «Спираль» романы да үлкен ареналардағы кітап сөрелерінен түскен емес.

Қорқынышты шығармалар да өзінің оқырмандарын осылайша тауып, экран беттеріне дейін жаулап алды. Trendy Society, Magic Winter House және Asahi Television бірлесіп «Қорқынышты триллер жүлдесін» (Terror Threat Award ) тағайындады. Бұл сыйлыққа үміткер автордың шығармалары қорқынышты сипат алуы керек деген жалғыз-ақ талабы болды. Ал оны бағалаған әділ қазылар: Осава Аримаса, Нацуо Кирино және Миюки Миябэ болды. Оның үшеуі де детективтік шығармалардың қас шебері еді. Бір қызығы, есірткі тұтынып, бірнеше жыл түрмеге отырған Харуки Кадокава осы сыйлықты жеңіп алғаннан кейін, “ Кадокава кітапханасы” қалыптасты.

Кинофильмдер мен телеарналар қорқынышты шығармалардың алтын бесігіне айналды. БАҚ агенттіктері мен кино және телевизиялық медиалар мультимедиадағы өзара қарым-қатынасты ұлғайтып, адамдарды - не оқырман, не көрермен жасап алды. Томас Харристің «Үнсіз қойлар» (The Silence of the Lambs 1988ж.) атты романы “Америка қорқынышты шығарма авторлары қауымдастығы” сыйлығын жеңіп алады. Психикалық романдар жүйесіне жататын бұл шығарма киноға айналып, 1991 жылы Оскарды жеңіп алады.

Ал енді жоғарыда атап өткен шығармалар несімен ерекшеленді, қандай мазмұнды қамтыды деген заңды сауал төңірегіне аз аялдағанымыз жөн сияқты:

Уэда Акинари «Жаңбыр мен айдың хикаясы» атты шығармасында адам сенгісіз құбылыстарды феномен ретінде қарастырып қана қоймай, қалыпты өмір сүру процесіндегі адамдардың қайқы-қасыретін, қоғамдық ортаның жиіркенішті тұстарын қорқыныш арқылы бейнелейді. Ал Томас Харристің «Үнсіз қойлары»: адамның ең басты жауы өзі екенін айта келіп, триллерге өте жіңішкелікпен психологиялық талдау жасайды. Сондай-ақ, қылмыстың психологиялық мәнін зерттейді, қылмыс туралы айтып, оның дәуірлік қорқынышын психологиялық саспенс арқылы классикалық дүние жасайды. Кино сюжетіне айналған Роберт Блоктың «Психопаттар» романындағы моншадағы қырғын оқиғасы кино әлеміндегі ең жан түршігерлік оқиға ретінде мұрағатқа сақталды.

Ал таяу заман қорқынышты шығармаларының көшін жапондық Хидэаки Сэна мен Кодзи Судзуки бастап тұр. Хидэаки Сэнаның «Ева Паразиті» - Британдық қорқынышты шығарма жазушы Мэри Уолстонкрафттың 1818 жылы жарық көрген шығармасындағы бас кейіпкер Франкенштейннің адам мәйітінен жасаған құбыжығын еске салады. Америка негізін салған бұл жанр шарықтау шегіне жеткенде, жапондықтар мұрагерілік етіп, дамытып келеді.

Тәржімалаған: Нұрбек КЕҢЕСБАЙҰЛЫ.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар