Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ұлттық академиялық кітапхана қоры сирек кездесетін ерекше басылыммен толықты

02.06.2020 562

Ұлттық академиялық кітапхана қоры сирек кездесетін ерекше басылыммен толықты


2018 жылдың соңына қарай Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Байменов кітапхана қорына сирек кітап сыйлады. Бұл жануарлар әлемі туралы энциклопедия - «Хаяту Хаяван» - حیاة الحیوان- 14 ғасырда Мысырда белгілі ғалымы Абу Бака Камалуддин Мухаммед ибн Мұса Иса ибн Али араб тіліндегі, "насх" каллиграфиялық жазумен жазған.

1900 жылы энциклопедия Қазанда Императорлық университет баспасында қайта басылған. Осы басылымның бір данасы кітапханаға ұсынылды. Оны қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығы жүргізді.

Онлайн режимде таңғажайып энциклопедияның тұсаукесері өтті. Көрермендерге кітапты таныстыруда Әлихан Мұхамедиұлы тікелйе эфирде басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Қызықты, мазмұнды әңгімелер айтып, көрермендердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Әлихан Мұхамедиұлы Байменов - Мемлекет қайраткері, Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының мүшесі, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Басқарушы комитеті, «Менеджментті дамыту Қазақстандық қоры» қоғамдық қоры, «Темірқазық» ұлттық сарапшылар Клубының Төрағасы, Дүниежүзілік және Қазақ Тоғызқұмалақ федерациясының Президенті, техника ғылымдарының кандидаты.

Adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар