Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Тәуелсіздік көкжиегі» атты көрме өтті

07.06.2021 975

«Тәуелсіздік көкжиегі» атты көрме өтті

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халықаралық көрмелер мен симпозиумдарда елімізді танытып жүрген қазақстандық 30 танымал суретшінің «Тәуелсіздік көкжиегі» атты көрмесі өтті.

Көрменің мақсаты – Қазақстанның бейнелеу өнерін шетелдерге насихаттап жүрген еліміздің әр аймағындағы танымал суретшілердің шығармашылығын дәріптеу.

Көрмеде суретшілердің кескіндеме, графика және мүсін жанрындағы әртүрлі техникамен орындалған 60-тан астам туындылары экспозицияланды. Қылқалам шеберлері өз шығармашылығында Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен табиғатын таныстырды.

Көрмеге ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, Мәдениет саласының үздіктері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері, халықаралық кипрлық «Күміс кілт» симпозиумының және басқа да көптеген марапаттардың иегерлері, сонымен қатар шетелдік, бүкілодақтық, республикалық және облыстық көрмелердің суретшілері қатысты.

Көрме аясында «Тәуелсіз Қазақстан қоғамындағы суретшінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның заманауи бейнелеу өнерінің өзекті мәселелері талқыланды. Іс-шараға мәдениет және қоғам қайраткерлері, танымал суретшілер, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар