Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Тарихтағы ең үздік 100 роман анықталды

27.06.2018 1764

Тарихтағы ең үздік 100 роман анықталды

Ағылшындық «The Telegraph» басылымы тарихтағы ең үздік 100 романның тізімін жариялады. Мұндай тізімдер әр жылдарда әртүрлі медиа платформаларда жасалып тұрады. Осы жолғы тізімде ең бірінші орынға ағылшын жазушысы Жорж Элиоттың 1871-72 жылдары жарық көрген «Миддлмарч» романы лайық деп танылды.

Екінші орында Герман Мервилдің «Моби Дик» (1851ж.) романы. Үздік үштікті Лев Толстойдың «Анна Каренинасы» (1878 ж.) түйіндеген.

Төртінші және бесінші орындарға Генри Джеймстің «Әйел портреті» романы мен Жозеф Конрадтың «Түнектің жүрегі» романдары тұрақтады.

Үздік ондыққа:

Марсель Прусттың «Жоғалған уақытты іздеу»;

Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр»;

Джон Максвелл Кутзеенің «Арсыздық»;

Виржиния Вулфтың «Миссис Дэллоуэй»;

Мигель де Сервантестің «Дон Кихот» романдары лайық деп танылған.

ТОП-100-тің тізімін Д. Толкиеннің «Сақиналар әміршісі» фэнтези романы түйіндеп тұр.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: The Telegraph, Миддлмарч, Моби Дик, Джейн Эйр, Дон Кихот, Шарлотта Бронте, Генри Джеймс, Лев Толстой, Анна Каренинасы
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар