Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
С.Сейфуллин ұстаздық еткен мектеп

19.03.2019 536

С.Сейфуллин ұстаздық еткен мектеп

1916 жылдың күзінде Сәкен Сейфуллин қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Ахмет төре ауылында мектеп ашып, ұстаздық еткен болатын. Бүгінгі таңда Ахмет ауылындағы орта мектеп ақынның атымен аталады.

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, ардақты ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл! Осы айтулы мерекеге орай бүгін Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин музейінде Ахмет ауылының Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп ұжымы қонақ болды.

Ардақты тұлғаның 125 жылдығына арналған алғашқы шаралардың бірін мектеп ұжымымен бірге атап өтеуінде негіз бар. Сәкен Сейфуллин Омбы мұғалімдер семинариясын бітіріп алғашқы еңбек жолын 1916-1917 жылдарда атақты Тәуке ханның ұрпағы Сұлтан Абылаевтың үйінде мектеп ашып, бала тәрбиелеуден бастаған. Бұл кеш – кешегі тарих сабақтастығын жаңғыртты.

Әз Наурыз мерекесі қарсаңында өткен айтулы шараға Сәкен Сейфуллин музейінің директоры, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы, Ахмет ауылы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп директоры Атымтай Ескеұлы Балабиев, осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Қаржасова, зиялы қауым өкілдері мен сәкентанушылар, ақынның туыстары және жастар қатысты.

Сәкен Сейфуллин мектебінің талантты оқушылары ақын жырларын жатқа оқып, Сәкеннің ұстаздық өмірінен шағын көрініс қойып көрермендерді тәнті етті. Сәкен әндерін зерттеуші, өнертанушы Серік Оспанов әсем әнімен тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Тәлімі мен тағылымы мол кеш соңында музей ұжымы жас оқырмандарға жыл сайын «Сырсандық» сериясымен шығатын кітаптарын сыйға тартты.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: #Сәкен Сейфуллин
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар