Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Сөзге қанат біткен түн...

21.04.2019 800

Сөзге қанат біткен түн...

26 сәуір күні 15:00-де Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде белгілі ақын Бауыржан Қарағызұлының "Сөзге қанат біткен түн..." атты поэзия кеші өтеді.

Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген.

Қазақтың талантты ақыны, көптеген халықаралық, республикалық, әдеби конкурстардың жеңімпазы.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың және ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткен Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері. «Әлемге әйгілі Астана» атты жыр мүшәйрасының Гран-При иегері. Сейдолла Бәйтереков атындағы арнайы сыйлықты иеленген. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» атты І республикалық Мағжан өнер фестивалінің лауреаты. «Табысты қазақстандық - 2012» Ақмола облыстық жастар байқауында «Жас дарын» сыйлығының иегері. Ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жыл толуына орай өткен әдеби байқаудың жеңімпазы.

2014 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стипендиясының иегері.

«Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң.Мен.Түс.», «Жүрек кітабы», «Топырақ демі» атты жыр-кітаптарының авторы.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар