Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты» атты республикалық ғылыми онлайн конференция

05.05.2020 1784

«Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты» атты республикалық ғылыми онлайн конференция

6 мамыр сағ.15.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы бірлесіп «СӘБИТ МҰҚАНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ» атты Республикалық ғылыми онлайн конференция өткізеді.

Онлайн-конференцияның мақсаты – қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, жазушыдан қалған рухани мол мұраны оқырман талқысына ұсыну. Сондай-ақ, жазушының қазақ әдебиеттану ғылымындағы орны мен оның зерттеулеріндегі Абай, Шәкәрім мұрасы және шығармашылық лабораториясына қатысты мәселелер көтерілетін болады.

Іс-шара жазушының 120 жылдығына арналып отыр.

Іс-шараға педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Күлаш Ахмет, «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас директоры, «Мағжан» журналының бас редакторы, Қазақстанның Құрметті журналисі, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұлов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры,филология ғылымдарының докторы Рахымжан Тұрысбек, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков,Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағынбай Жұмағұлов және т.б.қатысады.

Іс-шараның модераторы - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы.

Республикалық форумның онлайн-көрсетілімі ZOOM.us. платфорсы негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Facebook және Instagram әлеуметтік парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

https://www.facebook.com/profile.php?id=100046091019596

ҚР ҰАК баспасөз қызметі:

Тел. 47 26 54, 8 778 917 51 56, Әсем

эл.пошта: asemai1@mail.ru, Достық көш., 11


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар