Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН ОЙЫП АЛЫНҒАН

14.02.2019 918

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН ОЙЫП АЛЫНҒАН

Белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат-Әлмашұлының шығармалары жұртшылыққа жақсы таныс деп ойлаймын. Әсіресе, қаламгердің өткен ғасырдағы халқымыз басынан өткен ауыр жағдайларды көркем бейнелеген – «Күлкі мен көз жасы», «Оянған ұрпақ» және «Ұмытылған ұрпақ» атты үш романнан тұратын трилогиясын ерекшелеп айтуға болады. Суреткердің кейінгі жылдары өзгеше мәнермен жазылған қысқа романдары да оқырмандар тарапынан оң бағаланып жүр.

Жазушы шағын жанрға келгенде де қамшы салдырмайды. Оның қазақы болмыс пен жылы юморға толы әңгімелерін қызығып оқисыз. Бүгін сөз етіп отырған «Перзентхана полонезі» шығармасының мазмұны да, мәні де бөлек. Автордан бұл әңгімені көрнекті суреткер Әбіш аға оқып, жақсы пікір білдіргенін естіген едім.

Шын мәнінде, бұл көркем дүниеде бүгінгі күннің бейнесі шынайы жазылған. Мұнда жастықпен алданып қалған Перузаның басындағы жағдай баяндалады. Ол аяғы ауыр болғанын білісімен-ақ, өз сырын басқаларын жасыру үшін өз-өзінен оқшауланып, жеке пәтер іздейді. Ақыры, қала тұрғыны татар әйелдің пәтерінің бір бөлмесінен пана табады. Міне, содан бастап үй иесі мен Перуза бір отбасының адамдарындай араласады. Ол жас қызға қолынан келгенше жанашырлық танытады. «Бала деген баға жетпес қазына! Ту, туып ал» деп күш беріп, қанаттандырады. Және оған өз ақылын айтып, баланы қалай күту керектігін үйретеді.

Әңгіме «Ұлтолғақ» және «Ойтолғақ» деген екі бөлімнен тұрады. Перузаның толғақ қысып, перзентханада жатқандағы Патыма деген әйелмен кездескені, оның басынан өткен жағдайлар – өзіміз күнде естіп жүрген оқиғалардан сыр тартады. Автор екі кейіпкердің әңгімесі арқылы қоғамдағы келеңсіз көріністерді астарлап жеткізеді.

Перузаның үш күн бойы қысқан толғақтан жаны қатты қиналады. Алғашқы сәбиін өмірге әкелу оған оңай болмады. Ақыры, дүниеге шыр етіп келген шарана оған аналық сезімін сыйлады. Оған сол күні бұл баланың әкесі бар ма, жоқ па – бәрібір болды. Бастысы, ұлы бар. Осы қуаныш оны қанаттандырып, тың күш береді.

Патыма оның өз сәбиін емірене емізіп отырғанын да жақтырмайды «Сонша үстіне түсе берме, қараң қалғыр, тым ерке болып кетеді. Ерке ұлдан жөнді еркек шықпайды» деп ескертеді.

Перуза перзентханада көп ойларға беріледі. «Ертең балам азамат болып өскенде әкем кім, ол қайда? – десе не деп жауап берем» деп қалың мұңға батады. «Әлде Патыманың айтқанын істесем бе?» деп те ойланады.

Ол «перзентханадан ертең шығасың» деген күні қатты толқиды. «Бұл шарананы алмай тастап кeтсeм қайтeдi! Патыма апатайым сoндай ақыл бeрiп eдi ғoй. Сөйтсe шe!.. деп бір ойлап қояды. Тағы бір ойы: «Сәби дeгeн құдай сыйы! Әлдeн бас тартсаң, eртeң жалынып сұрап ала алмай қалсам шe!..» деп бір қамығады.

Қысқасы, түннiң бiр уағына дeйiн oй әлeмiнe сүңгіп, тәтті ұйқыға кірген

Пeруза eртeңiнe ерте оянады. Ояна сала дереу ұлын іздейді. Тoлқулы жүрeкпeн баласы жатқан бeсiктiң бeтiн ашып жiбeргeндe... өз көзiнe өзi сeнбeдi. Тoрсық шeкe ұлы жымиған қалпы мұп-мұздай бoлып, әлдeқашан-ақ мәңгi ұйқысына eнiп кeткен.

Әңгіме осылай аяқталады. Сіздің де жүрегіңіз Перузамен бірге шыңғырып жібереді. Қорыта келгенде, Жолтай ағамыздың бұл туындысы өмірдің өзінен ойып алынған деп айтуға болады.

Азамат Есенжол


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар