Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Оқушылар парағы. 5-сынып: Тынымбай Нұрмағанбетов

05.04.2019 1623

Оқушылар парағы. 5-сынып: Тынымбай Нұрмағанбетов

Тынымбай Нұрмағанбетов 1945 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «Бірлік» кеңшарында дүниеге келген. 1968 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын көп тиражды «Су құрылысшысы» газетінен бастаған. Қызылорда облыстық радио комитетінде істеген. «Жазушы» баспасында редактор қызметін атқарған. 1981 жылы М.Горький атындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған.

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ: Амангелді Кеңшілікұлы: Талант табиғаты

(Жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтің әңгімелері хақында)



Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шықты. Содан бері бірталай кітабы жарық көрді. Біраз туындысы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылды. «Қош бол, ата», «Қарлығаштың ұясы» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті, Қазақстан Жазушылар одағы, «Жалын» альманахы бірлесіп өткізген жабық конкурста жүлде алған. Орыс тілінде шыққан «Қауын иісі» кітабы үшін Бүкілодақтық М.Горький атындағы конкурстың дипломына ие болды (1981). Халықаралық Қазақ ПЕН клубы сыйлығын алған (2000). «Құрмет» орденінің иегері (2006).

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ: Тәуелсіздік жылдары жарық көрген хикаяттар



«Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі сценарийінің авторы.

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ: Бағашар Тұрсынбайұлы: Тынымбай тұңғиығы


Шығармалары:

Қош бол, ата. Повесть пен әңгімелер. А., «Жазушы», 1972;

Қарлығаштың ұясы. Повесть пен әңгімелер. А., «Жазушы», 1975;

Ата қоныс. Әңгімелер. А., «Жалын», 1980;

Дарияның арғы беті. Повесть пен әңгімелер. А., «Жалын», 1981;

Ата қоныс (орыс тілінде). М., «Молодая гвардия», 1984;

Бәйтеректер. Повесть, әңгімелер. А., 1986;

Туған ауыл түтіні. Роман. А., 1989;

Балалық шақтың әндері. Повестер мен әңгімелер. А., 1994; Таңдамалы. А., «Жазушы», 1997;

Айқай. «Өнер», 2000; Екі томдық таңдамалы. А., «Өлке», 2005–2006;

Ауғандық құстар. А., «Жазушы», 2009.

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ: Нұрмағамбетов Т. Шығармалары. Көп томдық


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: Тынымбай Нұрмағанбетов, анасын сағынған бала, уәде, бақытты сәт, Сағыныш, алданған арман
(2)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар