Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Мүшәйра жеңімпаздары марапатталды

24.01.2021 2667

Мүшәйра жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жаңа жылды мазмұнды іс-шаралармен бастады. Осыдан бір ай бұрын Нұр-Сұлтан қаласы әкімідігінің қаржыландыруымен, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы 35 жасқа дейінгі елордада тұратын ақындар арасында «Көңілде алаң басылса...» атты қалалық жазба ақындар мүшәйрасын жариялаған болатын. Ақындар бүгінгі бүкіләлемдік пандемия жағдайындағы адамзаттық ахуал, карантиндік алаң көңіл-күй, сақтық шаралары жайында жалпыжұртқа поэзия тілімен ой салған жыр додасының жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі өтті. Жас қаламгерлердің шығармаларын бағалап, сараптаған қазылар алқасының құрамында ақындар Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы, филиал директоры Дәулеткерей Кәпұлы болды.

Елуге тарта ақын сынға түскен жыр сайысында:

1. Бас жүлде – Біржан Ахмер (500 000 тг);

2. І орын – Айзада Рахымжанова; (300 000 тг)

3. ІІ орын – Ерлан Аманқожа;(200 000 тг)

4. III орын - Айдана Сегізбаева; (150 000 тг)

5. ІІІ орын – Бекмұхамбетов Әли; (150 000 тг)

6. Ынталандыру сыйлығы: Садуақас Ерасыл, Санақұлы Ауғанбай, Файзолла Алпамыс(100 000 тг) лайық деп табылды.

Жүлделі өлеңдерді елордалық театр актерлері оқитынын да айта кетуге тиіспіз. Жеңімпаз қаламгерлерге сәттілік тілеген ақын Оңайгүл Тұржан жас кезінде Жұбан Молдағалиевтей классиктер ақ батасын беріп, тілекші болғанын, бүгін өздерінің де өскелең ұрпаққа жол сілтейтін уақытқа келгенін жеткізді. Өз сөзінде сыршыл ақын жастардың көпшілігінің танымы төмен, білімі таяз екенін жасырып қалмады. Одан шығар жол тынымсыз ізденіс, қажымас қайрат деген ойлары жиналғандардың көкейіне қонғандай.

Шара аясында елордалық бөлімше директоры Дәулеткерей Кәпұлының жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасары болып ақын, журналист Олжас Қасым тағайындалды. Жауапкершілік жүгін арқалаған қаламгер сенім үдесінен шығатынын айтты.

Сондай – ақ басқосу барысында қаладағы ақын-жазушыларға Әзірбайжан Елшісі Р.Маммадовтың алғыс хаты, республикалық «Samuryq» әдеби-мәдени журналы табысталды.

Суреттерді түсірген: Артем Чурсинов


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар