Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
МҮШӘЙРА МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

20.05.2019 3307

МҮШӘЙРА МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі жыл сайын өткізіп келе жатқан дәстүрлі мүшәйра биылғы жастар жылына арналған болатын. «Жастықтың оты жалындап...» деген айдармен жарияланған жыр бәйгесіне үміткер жырларды қабылдау мерзімі 2019 жылдың 20 маусымына дейін ұзартылды.

Мүшәйраға 35 жасқа дейінгі жас ақындар қатыса алады.

Тақырыпқа шектеу жоқ. Ұлы дала төсінде мәңгілік ел болуға қадам басқан қазақ елінің бүгінгі жарқын келбетін, ертеңгі ұрпақ мұратымен ұштастыра жырлау ақындардың өз шабытына байланысты.

Ендеше жүйріктерді жыр мәресінде күтеміз!

Бас жүлде 2 миллион

Бірінші орын – 1 миллион

Екі екінші орын – 650 мыңнан

Үш үшінші орын – 550 мыңнан

Бес ынталандыру сыйлығы – 150 мыңнан

Мүшайраға еш жерде жарық көрмеген толғаулар, топтама өлеңдер қабылданады.

Мүшайра қорытындысы Елорда күні қарсаңында жарияланады. Жүлдегерлерді марапаттау 1 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Үміткерлер шығармасын компьютерде теріп, 5 данасын төмендегі мекен-жайға жіберу керек немесе astanakalamger@mail.ru электрондық поштаға жолдауға болады.

Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы (бар болса) міндетті түрде көрсетілуі керек.

Индекс: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, М.Әуезов көшесі 20 «а» үй, Сәкен Сейфуллин музейі. Тел. 8(7172)32-84-67, 53-34-03.

Жүлдегерлердің келіп-кету шығынын ұйымдастырушы тарап мойнына алмайды.




adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: мүшәйра, жастар
(2)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар