Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Монғолиядағы халықаралық ақындар айтысы

19.03.2019 1178

Монғолиядағы халықаралық ақындар айтысы

18 наурыз күні Монғолияның Қобда аймағының орталығы Қобда қаласында халықаралық ақындар айтысы өтті. Монғолияның Баян-Өлгей, Қобда аймақтары мен өзге де өлкелерінде тұрып жатқан қазақ ақындарымен қатар Атажұрттан да айтыскерлер барып қатысқан дүбірлі дода тікелей эфирде көрсетілді.

Торғауыт, өлет, ұраңқай, мыңғыт, дөрбет т.б. ежелгі Жоңғария жұртының жұрнағы мекендеген бұл аймақта 15 мыңдай қазақ тұрады. 1940 жылы Баян-Өлгей осы аймақтан бөлініп шыққан екен.

Аламан айтыста қатысқан жүйріктер арасында Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы Аршалы ауданының ақыны Құрмет Құралханұлы оза шауып, бас жүлдеге тігілген миллион теңгеге ие болды. Бір айта кетерлігі, Құрмет ақын екі жасында ата-анасымен бірге осы Қобда аймағы Қобда сұмыны Баянбұлақ өлкесінен Атажұртқа қоныс аударған екен.

Ат жалын тартып азамат болып, кіндік қаны тамған топырақта өткен аламанда мерейі өсіп қуанышқа бөленген Құрмет Құралханұлын «Әдебиет порталы» құттықтай отырып, айтыстың бейненұсқасын жариялап отыр.

Adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар