Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Көкшенің көк тұйғыны – Құдаш ақын

30.09.2019 637

Көкшенің көк тұйғыны – Құдаш ақын

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің» жанынан құрылған «Алтын Арқа» ақпараттық-ағартушылық орталығының ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Зеренді ауданының Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабектің 55 жасқа толуына орай «Көкшенің көктұйғыны – Құдаш ақын» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылып, осы кештің аясында «Тұлға» сериясымен шыққан электрондық басылымның тұсаукесері өтті.

Кешті ақын, «Алтын Арқа» ақпараттық-ағартушылық орталығының төрағасы, «Көкшетау» қалалық газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Серік Сапарұлы Жетпісқалиев жүргізді.

Кітапхана қызметкері Амангелдинова Аида «Көкшенің көктұйғыны – Құдаш ақын» электрондық басылымын таныстырып, ақынға бір данасы табыс етілді. Іс-шараға Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдері, студенттер, мәдениет саласының қызметкерлері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғам қайраткері «Тіршілік» ЖШС директоры Жабал Ерғалиев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушылары, ф.ғ.к. Сәбит Жәмбек пен Аманжол Есмағұлов, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Алма Абаевалар кеш иесіне деген ізгі лебіздерін білдірді.

Белгілі ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының директоры Алмас Темірбай артынан ерген көкшетаулық жас ақындардың атынан ақ жарма тілектерін арнап, сый-сияпатын жасады. Сондай-ақ, Астана қаласынан арнайы келіп қатысқан Баубек батырдың ұрпағы Қабиболла Шаяхметұлы ақын бауырына деген шексіз ризашылығын білдіріп, үстіне шапан жапты.

Кешке арнайы қонақ болып қатысқан Алматы және Нұр-сұлтан қалаларынан келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Еркін Шүкіман мен дәстүрлі әнші Ардақ Исатаева әннен шашу шашып, кештің шырайын кіргізді.

Ақынның шәкірті, жас журналист Абзал Балтабаев ұстазына өзінің арнаған арнау өлеңін оқыды. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі мен Ж.Мусин атындағы қазақ жоғары педагогикалық колледжінің студенттері ақын өлеңдеріне композициялық қойылым қойды.

Іс-шара Сәрсенбай Хасенов, Аслан Мұхамедьяров, Қуаныш Оспан бастаған жергілікті өнерпаздардың ақынның әндерін орындаумен өз мәресіне жетті.

Аягөз МАХМЕТОВА


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар