Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Кітап – ынтымақтастық пен келешек жолы

18.10.2019 444

Кітап – ынтымақтастық пен келешек жолы

Шәкәрім университеттің 85 жылдық мерейтойына арналған «Шәкәрім университеті – ашық алаң» іс-шаралар циклі аясында «Кітап – ынтымақтастық пен келешек жолы» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті.

Оқырман мәдениетін арттыру, кітап пен оқуды мәдени демалыс ретінде орналастыру, оқырман аудиториясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге:

"Фолиант" баспасы, Нұрсұлтан қ.

"Эверо" баспасы, Алматы қ.

"Академия-Медия "білім беру-баспа орталығы" ЖШС, Алматы қ.

"Атамұра" баспасы, Семей қаласындағы филиалы

«Книготорг» кітап дүкені, Семей қ.

"Марвин" кітап үйі, Семей қаласы

"Жәрдем" баспасы, Семей қаласы және тағы басқа кітап үйлерімен кітапханалар қатысты.

Көрме аясында: «Альманах» ЖШС баспа үйі шеберлік сыныбы; «Жәрдем» баспасы авторларымен шығармашылық кездесу; Ақын Жарасбай Құлмағамбетпен кездесу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің бастамасымен шығарылған «Абайтану» оқулығының және Абай атындағы әмбебап кітанханасы өткізген «Атандым өз тұсымда Төлеу ақын» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағының Семей өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «Өлең –сөздің патшасы» атты ақындар шеруі өтті. Поэтикалық кештің көрігі қызып, қаламыздың жас-ақын жазушылары кезек-кезек көрерменді жырмен сусындатты. Осындай рухани шаралар шаhарымызда жиі өтсе деп тарқастық.

Наргиз Камбаева
Шәкәрім университетінің баспасөз хатшысы

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар