Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Керекулік ғалымның мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті

19.01.2018 1811

Керекулік ғалымның мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті

2018 жылдың 19-20 қаңтарында Павлодар қаласында Инновациялық Еуразия университетінің көрнекті ғалымы Ғайша Имамбаеваның мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қазіргі ғылыми парадигмадағы тіл, әдебиет және тарих» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты - жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы әдебиет пен тарих рөлінің маңыздылығы және Қазақстанда көптілділік бағдарламасының одан әрі іске асырылуы болды.

Белгілі ғалым, ф.ғ.д., профессор Ғайша Ертайқызы Имамбаева – халықаралық көптеген ғылыми еңбектердің авторы, Инновациялық Еуразия университетінің «Журналистика және филология» кафедрасының жетекші маманы. Бұл іс-шара оның ғылымға қосқан үлесіне арналған.

Конференция Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және 8 секция бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Ұйымдастырушы: «Журналистика және филология» кафедрасының оқытушылары.

Конференцияның секциялары:

• Жаңа бағыттағы қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері;
• Қазіргі әлемдегі орыс тілі: мәселелер, пікірталастар;
• Қазіргі және классикалық әдебиет: мирасқорлық және жаңару перспективалары;
• Ағылшын тілін оқытудың өзекті мәселелері: теориялық және әдістемелік аспектілер;
• Тарих мәселелері: тарихтың өзекті мәселелері;
• Қазақстанның рухани жаңғыруы: қазақстандық мәдениет және даму тенденциялары;
• Қазіргі педагогика және психология;
• Қазіргі журналистика әлемі.

Ғылыми конференцияда ұлттық латын әліпбиі жобасы бойынша “Әдебиет порталы” интернет-жобасының редакторы Руслан Беген “Ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда латын әліпбиінің рөлі” тақырыбында баяндама жасады. Конференцияны ұйымдастырушы «Журналистика және филология» кафедрасының оқытушысы Бибігүл Кильдибекованың айтуынша, “Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру тақырыбы үлкен резонанс алды” деп атап өтті. Латын әліпбиге көшуге байланысты сұрақтар қойылып, латын әліпбидің қажеттілігі туралы талқыланды.

Сондай-ақ, “Әдебиет порталы” интернет-жобасының редакторы Руслан Беген конференция қатысушыларына “Әдебиет порталының” таныстырылымын жасады.

Шараға Павлодар қаласы жоғары оқу орындарының ғалымдары, магистранттар мен журналистер, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Павлодар облысы, Астана, Алматы, Семей қалалары мен Моңғолия, Өзбекстан, Ресей елдерінің педагог, психологтары мен ғалымдары қатысты.

Конференцияның қарары бойынша ғылыми қоғамдастық мемлекет басшысының алфавитті латын әліпбиге көшіру жөніндегі бастамасын қолдауды және шетелдік қазақ қандастарымызға жан-жақты қолдау көрсетіп назарға алыну керектігі айтылды.

Айта кетерлік жәйт, “Қазконтент” АҚ мен Инновациялық Еуразия университетінің арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Алдағы уақытта серіктестік байланыстар нығая түспек.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: ғалымның, Керекулік, мерейтойына, арналған, халықаралық, конференция, Павлодар, өтті
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар