Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Қазақстанның 100 жаңа есімі

22.10.2018 3416

Қазақстанның 100 жаңа есімі

Елбасының қолдауымен еліміздің рухани-мәдени әл-ауқатын дамыту мақсатында «Жүз жаңа есім» жобасы қолға алынғаны белгілі. Бұл –жастардың қоғамдағы ролін арттырып, ұлттық руханиятымызға серпін беретін бірегей жоба десек, қателеспеспіз. Байқаудың бірінші кезеңінде спорт, қоғам, бизнес, ғылым, медицина, мәдениет, өнер сынды түрлі салаларда көзге түскен жас һәм жасамыс үміткерлер өз қабілеттерін ортаға салып, өзгелерден оқ бойы оза шапты. Белгіленген шартқа сәйсек, олардың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер түсіріліп, теле-радио бағдарламаларда насихатталды. Ел арасында олардың ісі қызу талқыланып, еңбектеріп еленгенін көрдік. Хош, бұл жобаның осындай артықшылығы көп.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау.

Жаздың жайма шуақ күндері «Жүз жаңа есім» жобасының екінші кезеңі басталған еді. Жобаның барлық шарттары 100esim.el.kz сайтында жарияланған. Меніңше, мұндай шаралар жастардың өзін көрсетуіне таптырмас мүмкіндік. Біріншіден, аталған тұлғалар өзін танытса, екіншіден, сол арқылы кейінгі буын өкілдеріне үлгі болады. Ең бастысы – егемен елдің ертеңін, жарқын болашағын ойлайса дейміз.

Жобаны ұйымдастырушылар көптен бері кенжелеп қалған ғылым саласына басымдық беріпті. Екінші кезеңде де осы бағытты жіті қарастырса деген ниетіміз бар. Олардың ғылымдағы жаңалықтарын іске асырып, мемлекеттік немесе жеке кәсіпте қолданылғаны жөн. Қазіргі таңда Қазақстанда ғылым саласы 5 бағыт бойынша дамып келеді. Ол энергетика, шикізат пен өнімді тереңнен өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациалық технологиялар, өмір туралы ғылым мен ұлттық ақыл-ой әлеуеті. «Білім-ғылым-инновация» үштігі – Қазақстан Республикасы саясатының негізгі діңгегі. Ғылым мен білім беру ісін және инновациялық технологияларды біріктіру үшін ел Президентінің ұсынысымен ашық зертханалар (ұжымдық қолданудағы ұлттық ғылыми зертханалар) ашылды. Олардың барлығы заманауи қондырғылармен жабдықталған, ол жерде кез-келген республика азаматы өз зерттеулерін жүргізуге мүмкіншілігі бар. Білім мен ғылымды ұштастырған тағы бір үлкен мысал – Назарбаев Университеті. Бұл білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы барлық 3 аспектті басын қосқан елбасымыздың қолдауымен ашылған оқу орны. Әлемдік стандартқа сай 3 деңгейлік ғылыми орталық жұмыс істейді. Олар тек зерттеу жұмыстарын ғана жүргізбейді, білім беру саласында ғылымды оңтайлы түрде қолдануды, коммерциялық инновация өндірісіндегі негізгі бағыттарды айқындайды. Міне, осы бағытта Қазақстан әлемде көш бастауы керек.

Қайнар ОЛЖАЙ,

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,

ТМД Журналистер Конфедерациясы

сыйлығының лауреаты


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар