Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Қазақ ақындарының кітаптары татар тіліне аударылды

01.01.1970 2273

Қазақ ақындарының кітаптары татар тіліне аударылды

Қазан қаласында татар тілінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегманов пен Маралтай Райымбекұлының жеке шыққан жыр кітаптарының тұсаукесері өтті.

d84c1d927b42e03bd021a7d3b19c4b5e.jpg

Тұсаукесерге Кабардин - Балкардың Жазушылар одағының төрағасы, ақын М. Беппаев, Чуваш республикасы Жазушылар одағының төрағасы, ақын В. Торғай, Якутия жазушылар одағының төрағасы, ақын Иван Мигалкин, чуваштың халық ақыны Ю. Семендер, Татарстанның халық ақындары Ренат Харисов, Гарай Рахим, Роберт Миннуллин, Разил Вәлиев, Радив Гаташ, атақты академик Роберт Вафич Шакиров, Татарстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Рафис Құрбан, белгілі ақын Рустем Зәкуан секілді көптеген белгілі адамдар қатысып, қазақ ақындарына жылы лебіз білдірді.

Ақындарымыздың алыс-жақын елдердің тіліне аударылып, еліміздің мерейін өсіріп жүргені әдебиетсүйер қауымды бір марқайтып тастады. Оның үстіне туыстас татар халқы біздің поэзиямыздың поэтикалық қуатын жетік түсінеді деп ойлаймыз.


adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар