Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған мүшәйра мәреге жетті

07.10.2019 1223

Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған мүшәйра мәреге жетті

Геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай Баянауыл аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегерлері анықталды.

Ұлт тарихына, қазақ ғылымына, өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға Қаныш Сәтбаевтың адамдық болмысы мен елеулі еңбегін насихаттау, сол арқылы өскелең ұрпақты елі мен жерін сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткен жыр бәйгесіне жиырмадан астам ақын қатысты.

Мүшәйра талаптарына сәйкес, қатысушылар үш өлең жолдауы керек болды:

Бірінші өлең: Қаныш Сәтбаевқа арнау;

Екінші өлең: Баянауыл туралы;

Үшінші өлең: Елдік, ерлік, өрлік тақырыбындағы патриоттық өлең.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде (біреу), І орын (біреу), ІІ орын (екеу), ІІІ орын (үшеу) және арнайы жүлде (екеу) иеленген ақындардың есімдері белгілі болды.

Олар:

1. Әлиман Жәнібек – Қарағанды қаласы

2. Әйткен Жоламан – Баянауыл ауылы

3. Байыс Айдын – Балқаш қаласы

4. Дариғаұлы Бақберген – Павлодар қаласы

5. Қасым Олжас – Нұр-Сұлтан қаласы

6. Қажытай Серікжан – ШҚО, Үржар ауданы

7. Қайдар Рауан – Екібастұз қаласы

8. Кенжетайұлы Мұқағали – Түркістан қаласы

9. Сейсенбекұлы Мұсабек – Баянауыл ауданы, Шоманкөл ауылы.

Ескерту: мүшәйра жеңімпаздары мен жүлдегерлері келіп-кету шығынын өздері көтереді.

Баянауыл ауылында өтетін шара барысындағы шығындарды (жатар орын, жүріп-тұру, тамақтану) ұйымдастырушы тарап өз мойнына алады.

Марапаттау рәсімі 12-қазан күні Баянауыл ауыланда өтеді!

Ұйымдастыру алқасы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар