Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Қаламгерлердің шығармашылық лабораториясы III

26.08.2017 3956

Қаламгерлердің шығармашылық лабораториясы III

Жалпы, бұған дейін де танымал қаламгерлердің хоббиі туралы қызықты мәліметтер бергенімізден тұрақты оқырмандарымыз хабардар болса керек. Қаламгерлер шығармашылықтан өзге де айналысқан сүйікті істерінен шабыт алып отырған екен. Оған дәлел – өмірде оғаш көрінгенмен сол дүниелерінің көбі шығармашылығынан көрініс табуы. Ендеше, бүгінгі күндері оқырманның жүрегіне шығармалары арқылы жол тапқан ақын-жазушылардың шығармашылығына арқау болған оғаш қылықтары мен әуестенген істері жайлы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынбақпыз.

Вольтер мен Бомарше сағатпен әуестенген

Есімдері аңызға айналған Француз жазушылары Вольтер мен Бомарше бос уақыттарын сынған сағаттарды жөндеумен өткізген. Вольтер тіпті хронометр құруды комерциялық жолға айналдырған екен. Тіпті Швейцарияда шағын фирма құрып, сол арқылы туған жері Францияға және өзге де мемлекеттерге сағат тасымалдап отырған. Бір қызығы сағат сату үрдісі – заманауи желілік маркетингті еске түсіреді. Мысалы, сатып алушыларды табуға көмектескен достарына жазушы арнайы сыйлық беріп отырған екен.

Романтикалық гүл өсіруші Гете

Танымал ақын әрі ойшыл Гете кішкентай хош иісті фиалка гүлін еерекше жақсы көрген. Ол сол гүлдерге сүйсініп қана қоймай, оларды ерекше тәсілмен көбейтіп отырған. Гетеге Веймардың төңірегінде қыдырғанды ұнататын. Сондай серуендеуге шыққан кезде ақын сүйікті фиалка гүлінің тұқымын өзімен бірге алып шығады екен. Ретін тауып, құнарлы, қолайлы жер көрсе гүлдің тұқымын сеуіп кететін әдеті де болған. Кейін Веймардың айналасы көгілдір жұпар гүлдермен көмкеріліп тұратын болған. Қазір ол алақайды «Гетенің гүлдері» деп атайды екен. Неміс флористері сол жерден көптеген фиалка гүлінің түрлерін тауып, олардың атауын Гете шығармаларындағы кейіпкерлердің құрметіне атаған екен.

Лафонтеннің оғаш серуені

Француз сатиригі Лафонтен таза ауада серуендегенді жақсы көретін. Былай қарасаңыз бұндай уақыт өткізудің еш оғаштығы жоқ болып көрінеді. Бірақ, Лафонтен серуендеуге шыққанда билеп, қолдарымен ербеңдетіп, ойына келген өлең жолдарын ұйқастырып, барынша дауыстап айтатын болған екен. Бұл қылығы айтарлықтай қызық әрі оғаш көрінетін. Көршілері қаламгердің бұндай қылығына еш ренжімей түсінушілкпен қарайтын.

Етікші Лев Толстой

Орыс зиялыларының абызы да сырттай қарағанда көзге оғаш көрінетін істермен айналысқан екен. Мысалы, Лев Толстой соқамен жер жыртқанды, өз қожалығына қарасты аумақты өңдегеннен жанына тыныштық тапса керек. Сондай - ақ, атақты ақсүйек туысқандары мен достарның етіктерін қуана - қуана жөндеп беретін. Ақсүйек жазушының ерекше істері оның шыққан тегіне мүлдем қабыспайтындағында екенін көзі қарақты оқырман білсе керек.

Футболшы Фицджеральд

Америкалық прозашы Фрэнсис Скотт Фицджеральд жас кезінде футбол ойнағанды қатты ұнатқан. Принстон университетінде оқуды бастаған кезде бірден футбол командасына жазылған екен. Бірақ болашақ жазушыға спортта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу мүмкін болмады. Фицджеральданың шығармашылығына табынушылардың бағына қарай ол спортта жетістікке жету әрекетін тастап, әдебиетпен айналысты.

Жорж Сименонның кейіпкерлерінің есімі...

Детектив жарнында өнімді еңбек еткен авторлардың бірі Жорж Сименонның өзі пайдалы деп санаған әрі сүйікті ісі телефон кітапшасынан адамдардың есімдері мен тегін көшіру болған. Оқырман қауым қаламгерге оның не қажеті болды екен деп ойлар. Өйткені ол есімдерді автор өз шығармаларындағы кейіпкерлерге берген екен.

Фланнери О`Коннордың құстары

Әйгілі америка жазушысы Фланнери О`Коннор танымал карикатурашы ғана болып қоймай, құстарды жақсы көрген. Өзінің туып өскен жерінде Андалусия (АҚШ, Джорджия штаты) қаласындағы жеке фермасында тауыс (павлин) құсының жүзден астам түрі мен үйрек, тауық, қаз сияқты құстарды өсірген екен. Тауыс құсын өзінің бірнеше шығармасында атағаны соның айғағы.

Харуки Муракамидің шабытын шақырған музыка

Қазіргі таңдағы ең модаға айналған жазушылардың бірі Харуки Мураками желаяқ екен. Сонымен бірге, танымал жапон жазушысы джазды сүйетіні соншалық, бірнеше жылдан бері күніне он сағаттай уақытын музыка тыңдауға жұмсайды екен. Өзінің эсселерінде ол: «Бұның бәрі қарама-қайшы нәрсе болып көрінер... Бірақ, егер музыка болмағанда мен жазушы болмас едім. Қазірдің өзінде отыз жыл өтсе де әлі де музыкадан аларым көп»-деген көрінеді.

Оскар Уайлдтың ұсақ-түйекке әуестігі

Ағылшын жазушысы әрі философы Оскар Уайлд коллекцияға әуес болған. Ол көптеген темекі сауытын, қамыс таяқ, галстук қыстырғыштарын жинаған. Сондай-ақ, жазушының гастрономиядан түрлі кітаптар жинақталған кітапханасы болған.

Боксшы Эрнест Хемингуэй

Америка әдебиетінің классигі Эрнест Хемингуэй жоғары дәрежелі боксшы болған. Жазушыға кәсіби рингте өнер көрсетуге талай ұсыныстар да түскен екен. Сонымен қатар, бокстан басқа Хемингуэй аңшылық пен балық аулауды, тореадордың бұқамен жекпе-жегін ыждақаттылықпен қарайтын және мысықтарды қатты жақсы көрген екен. Хемингуэйдің аңызға айналға мысықтары жайлы өткен шығарылымымызда жазған болатынбыз.

Байронның қонжығы

Байрон жануарларды қатты жақсы көретін. Кембридж университетінде оқып жүрген кезінің өзінде ит асырап алмақшы болған екен. Бірақ, ондағы тәртіп ит асырап алуға қарсы еді. Ал бөлмеде қонжық ұстау туралы сол жердегі тәртіпте еш айтылмағандықтан Джордж Гордон Кембриджге кішкентай қонжықты алып келеді. Өзінің қысқа ғана ғұмырында ақын түлкіге, қыран құсқа, борсыққа, тырнаға тіпті қолтырауынға шатыр жасап берген. Бір қызығы Байрон серуендеуге шыққанда соңынан аулада жүрген төрт қазы ілесіп шығады екен.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: жазушы, қаламгер, қызықты, танымдық, ақпарат, хобби
(0)

Пікірлер

Өміржан Сабина

30.01.2019 17:56
Қаламгер туралы қызықты матиралдар қысқаша

balausa010183@mail.ru

30.01.2019 22:01
Өте жақсы! Маған ұнады.
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар