Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов дүниеден өтті

05.04.2021 1123

Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов дүниеден өтті

Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов 85 жасқа қараған шағында дүиеден өтті.

Қабдеш Жұмаділов – 1936 жылы 24 сәуірде ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965). (24.04.1936 ж. т.) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы. Оның «Жас дәурен»өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т. б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. [1]Қазақ әдебиеті газетінде (1965 – 67), Жазушы баспасында (1967- 76), Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1976 – 81) қызмет істеген. 1981 жылдан шығарманың жұмыста. Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспасөз беттерінде, ал Жамал тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімжіде шығатын Шұғыла журналында жарияланған. Жұмаділовтің бір олеңдер жинағы, сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық корген. Олардың негізгілері Қаздар қайтып барады (1967) атты әңгімелер жинағы, Көкейкесті (1969), Соңғы қош (1974 – 81,), Атамекен (1985), Тағдыр (1988,) романдары, Соңғы көш (1-кітап 1974; 2-кітап 1981) және Дарабоз (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары. Жұмаділовтің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – Таңғажайып дүние (1998) ғұмырнамалық, Қылкөпір (2003) романдары.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар