Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Елордада Шәкәрімнің 160 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті

22.08.2018 1521

Елордада Шәкәрімнің 160 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті

Биыл кемеңгер ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл. Осыған орай туған өлкесі Семейден бастау алып, республика көлемде көптеген мәдени-ағарту шаралар өтуде.

Жуырда Астана төрінде айтулы ақын мерейтойына арналған «Бостандық таңы атты, қазағым көріңдер» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Кешті белгілі академик, шәкәрімтанушы Ғарифолла Есім жүргізді. Мәдени шара барысында қазақ ақынының көпке танымал және бұрын-соңды орындалмаған әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. Сонымен қатар, шараның құрметті қонақ ретінде шақырылған Ш.Құдайбердіұлының ұрпағы Нұрбек Қабыкенұлы арғы атасына қатысты естелік деректермен бөлісті.

«Шәкәрім қайтыс болған соң жер қойнауына тапсырылмай, 30 жыл бойы құдықта жатқанын бірі білсе, бірі білмейді. Тек қана 1961 жылы тамызда ұлы Ахат пен менің әкем Қабыкен Бақанас деген жерден сүйегін қазып алып, елге әкеліп, құран бағыштап немере ағасы Абайдың қасына жерледі», – деді ұлы ақын ұрпағы Нұрбек Қабыкенұлы.

Мәдени шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

inform.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: шәкәрім 160
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар