Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Дәурен Қуат. Жақсыға жақ болсақ, сірә, жаман болмаспыз

22.11.2018 2355

Дәурен Қуат. Жақсыға жақ болсақ, сірә, жаман болмаспыз

"Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаланы жазу үшін Президент қолайлы сәтті, бәріне қазылық етіп, қалыпқа түсіретін уақытты күткен сияқты. Иә, бұл мақалада айтылған ой-толғауларды, шабыт беріп, рухыңды сілкіндіретін сөздерді қоғам елеңдей күтті. Тіпті, "осы біздің мемлекет басшысы бәрін тек өзінен бастағысы келе ме?" - деп кейіп жүргендер де болды. Олардың арасында жасыратыны жоқ, біз де болдық, бірақ, ішкі түйсігіміз, Елбасы ел тарихын ешқашанда мансұқтамаса керек дегенге саятын. Себебі, ұлы дала тарихы туралы Президент "Тарих толқынында", "100 жылға бергісіз 10 жыл" деген еңбектерінде айтып келді. Енді, міне, "Ұлы даланың жеті қыры"...түсінікті тілде жазылған тарихи мақалаға түсінік беріп жату артық. Сондықтан мақаланың рухын Қазақстанда өмір сүретін әр адамның бойына егіп, отаншылдық сезімін еселей беру керек деп ойлаймын. Мақаланың тарауларына байланысты Бейнероликтер жасалып, ЖОО-лар мен мектептерде көрсетіліп жатса да артық етпейді. Қысқасы, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудан" кейін мемлекеттік бағдарлама ауанындағы тағы бір жақсы мақала жазылды. Соны мейілінше пайдаланып, кәдеңе жарата бер, ағайын. Жақсыға жақ болсақ, сірә, жаман болмаспыз.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар