Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Дәстүрлі «Ауылым – Алтын тұғырым» конкурсы басталды

01.03.2021 963

Дәстүрлі «Ауылым – Алтын тұғырым» конкурсы басталды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен Мәдениет порталы бірлесіп Ауылым – алтын тұғырым дәстүрлі әдеби онлайн конкурсын жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін жасы 17 мен 45 жас аралығындағы қаламгерлер өз шығармаларын ұсына алады. Сонымен қатар «АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия» аталымына шығарма ұсынатын қаламгерлердің жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.

Әдеби байқауға қатысқысы келетін кез келген қаламгер өз шығармасын «Мәдениет порталына» онлайн түрде өз қолымен тіркеу мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін үміткерлер «Мәдениет порталына» тіркеліп, конкурсқа ұсынылған шығармалары мен жеке мәліметтерін порталда көрсетілген Шығарманы қосу батырмасы арқылы орналастыра алады. Автордар өз шығармалар онлайн түрде 2021 жылдың 01 қарашасына дейін жіберілуі тиіс.


Бұған дейінгі дәстүрлі түрде өткен «Ауылым –алтын тұғырым» конкурстарынан ерекшелігі, 2021 жылғы байқауға орыс тілінде жазылған шығармалар да қабылданады. Бір айта келерлік жайт, барлық шығармалар бұған дейін басқа конкурстарға ұсынылмаған болуы шарт.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «АЛТЫН ТҰҒЫР» әдеби жүлдесінің иегеріне қосымша 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Конкурсқа қатысқан шығармалар кітап болып шығарылады. Конкурстың басқа да шарттарын «Мәдениет порталындағы» Ережесінен оқып алуға болады.


Конкурсқа шығармаларды қабылдау 2021 жылдың 1 қарашасына дейін жүргізіледі. Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылы желтоқсан айында тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі. Салтанатты шараның нақты уақыты мен өткізілетін орны қосымша хабарланады.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар