Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Бала TIME» кітап фестивалі

01.06.2021 889

«Бала TIME» кітап фестивалі

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «БалаTIME» кітап фестивалі өтті. Кітап фестивалі биылғы жылы жарияланған Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында ұйымдастырылды. Фестиваль аясында балалар әдебиетінің кітап көрме-жәрмеңкесі болды. Оған Баянғали Әлімжанов, Толымбек Әбдірайым, Рустем Сауытбай, Акпар Разия, Ирина Әкімжанова т.б. балалар жазушысы қатысты.
Сонымен қатар фестивалдің ең басты іс-шарасы – кітапхана жанынан «Бала TIME» балалар телеарнасының салтанатты ашылуы болды. Балалардың өзі жүргізетін бұл телеарнаның қызықты танымдық бағдарламалары да осы салтанатты ашылуда көпшілікке паш етті. Осы орайда өздеріңізге атаулы іс-шарадан фоторепортаж ұсынамыз.

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар