Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ауылдарымыздың көсегесі көгереді деген сенімдемін

05.10.2018 991

Ауылдарымыздың көсегесі көгереді деген сенімдемін

Биылғы Елбасы жолдауындағы көкейіме қонған тұстар осылар болды. Әрине, ел бесігін түзетуде, ұрпақты түлетуде Ұстаз мәртебесінің биіктегені құптарлық іс. Ауыл-аймаққа биліктің оң көзбен қарауы әуелден қажет еді. Әсіресе, шекаралық аймақтардан, ескі елдімекендерден ел көшпесе екен. Шекара шебіндегі аудандар қайта құрылып, тікенек торларға тіреліп отыратын ауылдар көбеюі өте кезек күттірмейтін шараға айналуы керек! Осы жолдаудағы "Ауыл - ел бесігі" жобасы әкімшіліктерге тапсырылды. Облыс, аудан тізгінін ұстағандар осы жобаны тік көтеріп әкетуі керек деп ойлаймын. Ертедегі Қабдеш Жұмаділов көкем жазатын "Қызыл сызық" дейтін өлең де осы шекара жайлы еді ғой. Елбасы жолдауының арқасында "қызыл сызыққа" дейін тіреліп қонатын қызырлы ауылдарымыздың көсегесі көгереді деген сенімдемін!

Дәулеткерей Кәпұлы, ақын


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар