Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ассамблеяның кезекті отырысы өтті

28.04.2018 2928

Ассамблеяның кезекті отырысы өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Осыған орай, еліміз бойынша көптеген игі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың Конституция залында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы.

ҚХА төрағасының бірінші орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко жүргізген жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚХА кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялық қауым өкілдері қатысты.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қоғамдық сананы жаңғыртудағы Ассамблея рөлін жоғары бағалады.

«Өткен жылы Ассамблея қоғамдық сананы жаңғырту жобасы бойынша 20 республикалық, 395 өңірлік іс-шара өткізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы желісі бойынша БАҚ-та 12 мыңнан астам өңірлік және шамамен 8 мың республикалық материал жарық көрді», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жүзеге асыруға да Ассамблеяның белсенді қатысқан. 102 жеңімпаздың 25-ін Ассамблея ұсынғанын жеткізді.

«Рухани жаңғыру» жобасына өңірлер қатысының жақсы мысалдары да бар. Мәселен, Алматы облыстық ҚХА І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірге «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырды. Нәтижесінде қасиетті жерлерге өлкентану бағдары құрылды. Жетісу географиялық қоғамы туристік бағдарлар бойынша скретч-карта әзірленіп, 255 навигациялық бағыттама орнатылды. Бұл ҚХА-ның «Киелі Қазақстан» жобасына қосқан шынайы үлесі», – деді ол.

Іс-шара барысында ассамблея қызметінің өңірлердегі тәжірибесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің ҚХА депуттаттық тобының және «Әзербайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы, басқа да ұйымдастыру мәселелері қаралды.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: ассамблея, жиын, гүлшара әбдіқалықова
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар