Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Асылбек Байтанұлы. Нобель сыйлығы - соңғы сегіз жылда

16.10.2019 809

Асылбек Байтанұлы. Нобель сыйлығы - соңғы сегіз жылда

Іргелі ғылыми зерттеулер, революциялық жаңалықтар немесе қоғам дамуына зор үлес қосатын көрнекті жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең шоқтығы биігінің бірі – Нобель сыйлығы. Швед корольдік ғылыми академиясы құрылтайшысы болып саналатын бұл беделді сыйлықтың бес бағытының бірі – әдебиет саласы. Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы 1901 жылдан беріліп келе жатыр және оған биылғы жылғы екі лауреатты қосқанда 116 адам ие болды.

2019 жылғы Нобель сыйлығы қазан айының 10-ы күні тапсырылды. Осы жылғы Нобель апталығының ерекшелігі 2018 және 2019 жылғы әдебиет саласындағы екі бірдей лауреаттың аты белгілі болғандығында. 2018 жылғы әдебиет саласы бойынша сыйлық белгілі себептермен берілмей қалған болатын. Соңғы сегіз жылда аталған сыйлыққа қай елдің кім деген қаламгері ие болғандығы туралы қысқаша мәлімет бере кетуді жөн көрдік.

2012 жылы Қытай жазушысы Мо Янь ие болды. Қытай халқы өмірінің қалтарысты, күңгірт тұстарын шынайы суреттеген «Шарап елі», «Әткеншектегі ақ ит», «Тастанды бала» т.б. шығармалары үшін Нобель сыйлығына ие болған. Мо Янь 1955 жылы Қытайдың Шаньдун провинциясында дүниеге келген.

2013 жылғы Нобель сыйлығына Канаданың танымал жазушысы Элис Энн Манро ие болды. 1931 жылы Канаданың Онтарио штатында дүниеге келген жазушы Нобель сыйлығына 82 жасында ие болды. Жастайынан шығармалар жаза бастаған ол заманауи әңгімелер жазудың шебері деп мойындалған жазушылардың бірі.

2014 жылы Франция азаматы Патрик Модианоның шығармашылығы Нобель сыйлығына лайық деп танылды. 1945 жылы Францияның Булонь-Бийанкур деген провинциясында дүниеге келген. «La Place de l'еtoile» атты алғашқы романы соғыс заманындағы еврей жұмысшының өмірі туралы бұл роман 1968 жылы жарық көре салысымен оны әлем жазушы ретінде тани бастаған. Аталған туындысы әкесіне ұнамағандықтан, ол басылып шыққан барлық данасын өзі сатып алмақшы да болған екен. 74 жастағы жазушы.

2015 жылы Белорус елінің жазушысы, журналист Светлана Алексиевич Нобель сыйлығына ие болды. Швед Ғылым академиясы Нобель хороосының хабарламасында: «Біздің заманымыздың ерлік пен азаптың естелігі болған осынау жазушының көптеген шығармалары үшін» деп атап көрсеткен. Светлана Алексиевич екінші дүниежүзілік соғыс пен Чернобль атом электр станциясы жарылысының салдары, әйелдер, балалар мен ерлердің осы ортадағы тіршілік әрекеттері туралы шынайы жазады. Нобель сыйлығын алған он төртінші әйел жазушы.

2016 жылы АҚШ-тың белгілі әншісі, әрі композиторы Боб Дилан аталған сыйлыққа лайықты деп танылды. Тека Америка ғана емес, әлемдік музыканың дамуына Боб Диланның жасаған ықпалы зор деп саналады. Швед академиясының құрметті мүшесі Сара Даниус бұл шешімді жариялау кезінде: «Біз үшін де бұл күрделі шешім болған жоқ. Біз оны әнші музыкант ретінде емес, ақын ретінде бағалап осы сыйлыққа лайықты деп таныдық. Оны Джон Милтон, Уйльям Блэйкерлер бұрауын келтірген ағылшын тілділер поэзиясының шынайы заманауи мұрагері деп білеміз», - деп атап көрсеткен.

2017 жылы Нобель сыйлығын Ұлыбританияда тұратын жапон текті жазушы Исигуро Кадзуо алған болатын. Жапонияда туған ол кішкентай кезінде әке-шешесімен бірге Ұлы Британияға эмиграцияға кеткен екен. Оның «Күн қалдығы», «Орнықсыз ғаламның суреті» т.б. шығармалары әлемнің қырықтан астам елінің тіліне аударылған.

2018 жылғы Нобель сыйлығы поляк ақыны Ольга Токарчукке берілді. 1962 жылы дүниеге келген қаламгер қысқа прозаның шебері. «Өлілердің сүйегі үстіндесоқамен жүріп өте» романы үшін халықаралық «Букер» сыйлығына ие болды. 2018 жылғы әдебиет бойынша «өмір сүрудің тәсілі ретінде шектеулерді бұзуды энциклопедиялық құмарлықпен бейнелеп көрсете алғандығы үшін» деген тұжырымдама бойынша Нобель сыйлығына лайықты деп танылды. Токарчук Нобель сыйлығын алған бесінші қаламгер.

2019 жылғы Нобель сыйлықты австриялық қаламгер Питер Хандкеге берілді. 1942 жылы Австрияның Гриффен қаласында дүниеге келген Питер Хандке – жазушы, драматург ретінде танымал.

2019 жылы 10 қазанда Петер Хандкеге «адами сынақтардың перифериясы мен ерекшелік қырларын зерттеудегі лингивстикалық туындыгерлігі үшін Нобель сыйлығына ие болған жазушыға 2019 жылдың 10 қазаны күні Нобель сыйлығына Ольга Токарчукпен қатар тапсырылды. Болашақта қазақ қаламгерлері де осынау дүниежүзілік беделді сыйлықты алып, барша халқымыз бөркін аспанға атып жатпасына кім кепіл.

Әзірлеген Асылбек Байтанұлы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар