Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі

17.09.2019 901

Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі

20-25 қыркүйек, 2019 жыл. Семей. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан театрлары ассоциациясының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық театр фестивалін өткізеді.

Фестиваль Қазақстанда театр өнерін дәріптеп, көпшілікке таратуға, дәстүрлі театр өнерін сақтап, әрі қарай дамытуға, дарынды артистер мен режиссерлерді анықтап, оларға қолдау көрсетуге, заманауи сахна процесіндегі негізгі басымдықтарды анықтау, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті дамытуға жол ашып, театр өнерін дамытуға мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ, шара қазақтың көрнекті кино және театр актрисасы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Өмірзақованың есімін ел есінде мәңгі қалдыру, оның шығармашылығы және мұрасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Фестивальге еліміздің 12 театр ұжымы үздік қойылымдарымен қатысады. Алты күн бойы Семей қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль барысында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театры, Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, «Nomad» театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, «Дариға-Ай» жастар театры, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрларының қойылымдарын тамашалай алады.

Баспасөз конференциясы - 20 қыркүйекте сағат 10.00-де, фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі - 20 қыркүйекте сағат 11.00-де, фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі - 25 қыркүйекте сағат 19.00-де, сондай-ақ фестиваль қойылымдары 20-25 қыркүйек аралығында Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ғимаратында өтеді.

Келем деушілерге есік ашық.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар