Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Әдебиет порталының тілшісі «Дарын» сыйлығын алды

09.12.2020 3257

Әдебиет порталының тілшісі «Дарын» сыйлығын алды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2020 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталып, бүгін ресми түрде марапатталды. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығын «Эстрада», «Халық шығармашылығы», «Театр және кино», «Спорт», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Қоғамдық қызымет», «Ғылым» және «Әдебиет» номинациялары бойынша тағайындалады.

2020 жылғы мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының «Әдебиет» номинациясын порталымыздың тілшісі, ақын Арман Шеризат жеңіп алды. Біз әріптесімізді шығармашылық топтың атынын шын жүректен құттықтаймыз!

Шеризат Арман Манарбекұлы - 1992 жылы наурыздың 4 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Медеу ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің түлегі. Педагогика ғылымдарының магистрі. 2012 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық студент жастардың «Абай әлемі» фестивалінің бас жүлде иегері, 2014 жылы Астана қаласында өткен республикалық «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» жыр мүшайрасының бас жүлде иегері, 2015 жылы «Қасым.кz» сериясымен жарық көрген «Тәңірқұт» жыр жинағының авторы, 2016 жылы XІХ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Елбасы және Елорда» республикалық радиомүшәйраның І – орын иегері.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар