Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Абай шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті

10.08.2013 5159

Абай шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті

Абай дана – Абай дара қазақта

“Абай - әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс”

Елбасы Н.Ә. Назарбаев

Ұлтымыздың дара туған ұлы перзенті - хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 168 жыл толуына орай үстіміздегі жылғы тамыз айының 10 жұлдызында, Ұлттық академиялық кітапханасында “Астана Тоусмастерлер Клубы” ұйымдастыруымен шығармашылық әдеби кеш өтті. Кешті “Астана Тоусмастерлер Клубы” Президенті Әлия Сариева ашты. Шығармашылық кештің өтуіне атсалысқан кеш жүргізушісі әрі жоба жетекшісі Айнұр Ахметова жалғастырды. Шет елдерде білім алып жүрген қандастарымыз да бұл кешке қонақ ретінде шақырылды.

Aynur.jpg

“Абай өміріндегі Құнанбайдың ролі” тақырыбында спикер - Гүлнар Кемелбекова баяндама жасап, Құнанбай Өскенбайұлы – тек Абайдың әкесі ғана емес, ол - өз заманының ірі тұлғасы да екендігі кеңінен айқындалды.

Gulnar2.jpg

Келесі спикер Ермұрат Нұрғожа “Абайдың өлең жолдарының талдамасы” бойынша баяндамасын ұсынып, Ұлы ақынымыздың өлең шумақтарын еске түсіріп бір тебірентіп тастады.

Ermurat.jpg

Келесі кезекте Сәуле Ағатаева тарапынан “Абайдың қара сөздері” талқыланып, кеңінен талданды.

Saule.jpg

Қатысушы қонақтардың ой-пікірлерін анықтау үшін, Айкөркем Нұржанова сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырып, кешті одан әрі жандандыра түсті.

Aykorkem.jpg

Кеш барысында “Ең үздік сөз сөйлеушіні” таңдау рәсімі қатысушыларға ұсынылып, басым көпшіліктің шешімі бойынша Руслан Бегеннің сөзге жүйрік екендігі байқалып, оған Абай атамыздың кітабы сыйға тартылды.

Ruslan.jpg

Өз заманының озық туған ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты мәнді сұрақтар ортаға тасталып, топ жарған қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Gulnar.jpg

Wingis.jpg

Saule3.jpg

Жоба жетекшісі Айнұр Ахметова жеңімпаздарды марапаттап, “Астана Тоусмастерлер Клубы” Президенті Әлия Сариева шығармашылық кештің қорытынды сөзін сөйледі.

All.jpg

Кеш соңында ақ дастархан жайылып, қымыз бен бауырсақтар ұсынылды. Осы әдеби іс-шарада ойшыл, хакім Абайдың өлеңдері оқылған кезде, біз - өз жүрегімізге, өз табиғатымызға тағы бір үңіле түскендей болдық..

“Қазконтент” АҚ

Әдеби порталды сүйемелдеу

Департаментінің түрік тілі нұсқасы редакторы

Беген Руслан


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: Абай, дана, дара, қазақта, шығармашылығы, әдеби, кеш, әдебиет
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар