Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Бурабайдағы кездесу

06.10.2019 651

Бурабайдағы кездесу

Бурабай орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аудандық кітапханасы жанынан «Автор және оқырман» жобасы ашылды. Жобаның басты мақсаты – автор мен оқырман арасында байланыс орнату, Ақмола өңірінің ақын-жазушыларының шығармашылығын кеңінен насихаттау. Бұл жолда кітапханашылардың рөлі ерекше маңызды. Орталық аудандық кітапханада жобаның алғашқы қонағы – ақын Серікбай Әбілмәжін оқырмандармен кездесіп, өз шығармашылығы жөнінде ой бөлісті. «Еркіндік лебі ескен жыр» деген атаумен өткен кешіміз сыр-сұхбат, еркін форматында өтіп, керемет әсер қалдырды.

Астанадан құттықтап келген қонақтар, ақынның достары - ақын, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ҚР жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» бағдарламасының шеф-редакторы Олжас Қасым, жазушы, «Әдебиет порталы» интернет-жобасының Бас редакторы Нұрлан Қабдай, жазушы Бақытбек Қадыр, Көкшетаудан белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры Алмас Темірбай, ақын Қуаныш Оспан, Бурабай аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қасымхан Мажіков, «Бурабай» газетінің тілшісі Жеңіс Оспанов қатысып, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Ақын Серібай Әбілмәжін «Үркертолғақ», «Саршатамыз» кітаптарын жақынырақ таныстырып, құдыретті поэзия әлеміне қалай келгендігі, алғаш жазған өлеңдері, қызықты оқиғалары т.б. жайлы айтып, өлеңдерін оқып, жастарды кітап оқуға шақырды.

Бұл кеште шынымен автор мен оқырман арасындағы өзара шынайлылық пен жылулықтың белгісі танылғандай сезілді. Оқырмандар сұрақ қойып, автормен жүзбе-жүз кездесуіне мүмкіндік болды. Кітапханашылар «Жұлдыз шашқан жырлар» атты кітап көрмесін, автордың әр кездегі сәттерінен видео-слайд дайындап, ақынның жан-жақты қырын танытуға тырысты.

Қазіргі таңда кітапханамызда бірнеше жобаларды іске асыру жоспарымызда бар. Соның бірі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті қаламгерлердің кітаптарын сандық көшірмеге түсіру бойынша «Өлке әдебиеті-электрондық форматта» жобасы жүзеге асырылмақ. Осы орайда Серікбай Әбілмәжінмен авторлық келісім-шартқа қол қойдық. Авторға ризашылығымыз, құрметіміздің белгісі ретінде Бурабай ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы Д.С. Қарсыбаеваның атынан Алғыс хатпен және кітапхана тарапынан құнды кітаптарды сыйға тарту еттік.

«Автор және оқырман» жобасы осылайша алғашқы қадамын басып, оқырманға жол тартты.

Назира Рамазанова

Бурабай «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»

директоры


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар