Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Оқушылар парағы: Абыл Тілеуұлы. 10-сынып

13.09.2019 162

Оқушылар парағы: Абыл Тілеуұлы. 10-сынып

XVIІІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрг бұрынғы ақын-жыраулардың дәстүрін жалғастырушылардың бірі-суырып салма ақын - Абыл Тілеуұлы (1777-1864).


Абыл Тілеуұлы-Маңғыстауда туып-өсіп бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған. Ол Атырау аймағын, қарақалпақ, түрікмен елдерін аралап, өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған.


Бұрынғы әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас», «Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын.Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын тағы екі-үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған.Абылдың табылған жырлары түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында», 1972 жылы «Ақберген» жинағында басылып шықты.

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ: Абыл Тілеуұлы. Арғымақ атта сын болмас


Абылдың көп өлеңдері ұмытылған. Бізге жеткені оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған арнау ретіндегі толғаулары мен бірлі-жарым нақыл сөз, термелері ғана. Осы қолда бар азды-көпті шығармаларына қарағанда Абыл өз заманындағы әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан талант иесі екенін байқаймыз.



Абылды өзінен кейінгі көп ақындар жақсы білген, өздеріне ұстаз тұтқан. Мұрат, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Сәттіғұл сияқты бір топ ақындар легі Абылды ақын деп қана емес, ескі жырларды жырлаушы жырау деп те бағалаған. Олардың айтуынша Абыл «Қарасай-Қази», «Қырымның қырық батыры» эпостарын жырлап өткен.Өзі Хиуа ханы аллақұл барымташылдарына қарсы тұрған қазақ батырларының ерліктерін дәріптейтін толғаулар шығарған. Бізге бұлардың кейбір үзінділері ғана жеткен. Өлеңдері негізінен ауызша таралған. Алғаш баспа бетін көрген толғауы-1924 жылы басылып шыққан «Арғымақ атта сын болмас» атты өлеңі:


Арғымақ атта сын болмас,

Қиған қамыс құлақсыз.

Азаматқа сын болмас,

Арты болса тұяқсыз.

Айдын көлде сын болмас,

Жағасы болса құрақсыз.

Асқар тауда сын болмас,

Бауыры болса бұлақсыз.

Ақ киікке сын болмас,

Арты болса лақсыз.

Жеті арнада сын болмас,

Аяғы болса тұрақсыз.



Тіршілікте артыңда із қалу керек деген ой айтады.



«Сексеннің біз де келдік жетуіне», «Отырған қарсы алдымда Қанымайым», «Қар жауам күн-түн оның қабағынан»атты шығармаларында хан-сұлтандардың теріс қылығын әшкерелеу,ел қамын жеу,ізгілік,адамгершілік мәселелері сөз болады. «Қырымның қырық батыры» дастаныңда ел басына күн туғанда күші басым жауға қарсы тұра біліп,көзсіз ерлік көрсеткен ерлер ардақталды.

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ: Абыл Тілеуұлы. Әліппе термесі


Өмірінің соңғы кезінде Баймағамбет,Қайыпалды сұлтандар мен кездесіп бетпе-бет айтқан батыл сөздеріне қарағанда, Абыл шындықты айтудан еш тартынбаған хан алдында қасқайып тұрып оның мінін көрсетуге батылы жеткен ақын.Баймағанбетке айтқаны:


Бопайдан туған әкең Айшуақ хан,

Табының таймай тұр-ау мінген тақтан.

Дәлірек дажал сынды дәрежеңді,

Деп жүрсің құдай қорып,қыдыр баққан...

Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын

Байеке-ау қай ісің бар елге жаққан?!

Қайыпалдыға айтқанына назар аударайық:

Жүр едім, тақсыр,сені дара біліп

Халыққа жазықсыздан салдын бүлік.

Бұланның бүйірінен жебе тисе,

Бұл оны қайғырмайды жара біліп.

Немесе :

Баймағамбет өзіңнен артты десе,

Ұстайды сонда сенің жының,тақсыр.

Қолдаған сол сұльанды губернатор,

Өзгеден артықпа еді дінің, тақсыр.

Хиуаның қонышына кіріп кеттің

Бір уыс болмаса игі еді күннің, тақсыр?!

Ақын сұлтанның ісін жақтырмай, бар жайды бетіне басады.



Тұқым қуған хандық билік тұрғанда халыққа теңдік берілмесіне көзі жеткен ақын үстемдердің тұзағынан құтылар күнді аңсайды.



Асуды арманым көп сүрдім, тақсыр,

Құржындап құр көкірек жүрдім, тақсыр

Атадан қалған мұра таққа ортыру,

Жойылмай түзілмесін білдім тақсыр.



Тегінде ,хан сұлтанның алдында тұрып қаймықпай сөйлей қазақ ақындарына тан ежелден келе жатқан қалыптасқан дәстүрге ұқсайды. Мысалы, Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Арыстан, Шөже т.б. ақындарда кезінде төре сұлтандарға өз пікірлерін батыл айтқан. Олардың өткір тілінен өр көкірек хан-сұлтандар именіп,еріксіз санасқан.

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ: Маңғыстау өлкесінің рухани жәдігерлері



Абылдың толғаулары көпке насихат ретінде айтылып, адамгершілік, ізгілік жолын меңзейді. Өмірлен түйгендерін жинақтап, нақыл сөздер термелейді. Сонымен бірге азаматтарға тән қасиеттерді де термеге айналдырып, жігіттің үір болуға тиісті нәрселерін үлгі етіп жырлайды. Жұрттын тату тәтті, ауызбірлігі мол ел болуға шақырады. Алайда ер жігіттің қадірін туған елі біліп, ардақтағанымен, сұлтандар сол ер-азамматтарды өз мқсат-мүдделері үшін ғана пайдаланатынын ашына айтады.



Дүниеде дертті кісі ойнап күлмес,

Ер білер қадірінді, сұлтан білмес.

Кірпігі арғымақтың кіржік тартса,

Жабыдай ол жазылып көтерілмес.

Жадырап жаз шықпаса,күн жылынып,

Баласы шаруаның егін екпес.

Шалғысы лашынның салғырт тартса,

Ілер деп қаз баласы қайғы шекпес.

Жырауларға тән сарын, өмірді түйіндеп айту, ойлы толғаныстар Абыл шығармаларында айқын көрінеді:

Ақсұңқар сыңды шалғын қауырсыннан,

Тырна ілер қара лашын баулысынан.

Шақырса тауда тарлан таң сәріден,

Еділде бұғады үйрек дыбысынан.

Халықтың «Өнер алды – қызыл тіл» деген сөзіне үн қосып, суретті, бейнелі, өнегелі сөздерден дыбыстары үндесіп келетін ырғақты өлең жолдарын құрайды.



Абыл Тілеуұлы-айтыстың да шебері. Бізге «Балдай қыз бен айтысы», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы», «Нұрымды сынауы», «Шерниязбен кездесуі» деген айтыстары жетіп отыр.



Абыл- шешендікте алдына жан салмаған, тәжірбиесі мол, көп жасап, сан-саналы өлең шығарып өткен саңлақ ақындардың бірі. Абыл Тілеуұлы 1864 жылы дүниеден өтеді.Ол кісі артына өшпес өлеңдерін жырларын қалдырып кетті.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар