Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Драма.kz» қазіргі драматургия фестивалінің ережесі

16.08.2019 333

«Драма.kz» қазіргі драматургия фестивалінің ережесі

Фестиваль тарихы:

Драма.KZ қазіргі драматургия фестивалінің идеясын драматург Олжас Жанайдаров және театр продюсері, BT театрының директоры Айгүл Сұлтанбекова ұсынды. 2017 жылы Ресей Федерациясының Театр қайраткерлері одағының және басқа серіктестердің қолдауымен Драма.KZ жобасы драматургия лабораториясы ретінде бірінші рет өткізілді. 2018 жылы жоба драматургия фестиваліне айналды, оның ұйымдастырушысы Алматылық ашық әдебиет мектебі (Открытая литературная школа Алматы) болды. Осындай форматта Драма.KZ өз жұмысын жалғастырып отыр.

Жобаның басынан бастап осы күнге дейін көркем жетекшісі атақты ресейлік драматург, жазушы, ұстаз Олжас Жанайдаров болып табылады.

Фестиваль мақсаттары:

  • Қазақстанда тұратын, қазақ және орыс тілдерінде жазатын дарынды драматургтерді қолдау және насихаттау.
  • Драматургтерді театр мамандарымен байланыстыру.
  • Театрларға жаңа, сапалы, өзекті мәселелерді көтеретін, қазіргі көрерменге қызықты пьесаларды ұсыну.

Екі жыл ішінде Драма.KZ фестивалі қазіргі қазақстандық драматургияда жиырмадан астам жаңа есім ашты. Фестивальге қатысушылар «Любимовка», «Евразия», «Ремарка», «Баденвайлер» сынды мәртебелі драматургия байқауларының лонг және шорт-лист тізіміне енген; театр лабораторияларының жұмысына қатысуға шақырылып отыр. Фестивальге қатысушылар жазған пьесалардың алғашқы қойылымдары пайда болып, қазақстандық театрлар өзекті драмаға көңіл бөлуде.

Драма.KZ жобасының серіктестері бірқатар шығармашылық және әлеуметтік одақтар болып табылады, соның ішінде РФ және ҚР Театр қайраткерлері одағы, театрлар, білім беру мекемелер, БАҚ, қорлар.

Фестиваль аясында театр мамандарының қатысуымен шеберлік сыныптар өткізіледі.

Фестивальге қатысу ережелері:

  • Фестивальге жіберілген пьесалар festival@drama.kz электронды мекенжайына қабылданады.
  • Пьесаларды қабылдау мерзімі – 2019 жылдың 15 қыркүйегіне дейін.

Фестивальге Қазақстанда тұратын, 16 жастан жоғары, қазақ және орыс тілдерінде жазатын авторлар қатыса алады. Орыс тіліндегі пьесаларды Драма.KZ ұйымдастырушылары, ал қазақ тіліндегі туындыларды фестиваль серіктесі – Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы – іріктейтін болады.

Әр автор 2014 жылдан кейін жазылған үш пьесасынан көп емес жібере алады.

Драма.KZ фестиваліне бұрын жіберілген пьесалар қайта қарастыруға қабылданбайды.

Байқау нәтижесі 2019 жылғы қазан айының басында жарияланады.

Іріктеуден өткен пьесалар 2019 жылғы қазан айының соңында режиссёрлік оқулар форматында Алматы қаласындағы «ARTиШОК» және Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында көрсетіледі. Әр оқудан кейін актёрлер, көрермендер және театр мамандарының қатысуымен пьеса талқыланады.

Әр пьесаның көлемі 40 беттен аспауы керек (Times New Roman 12 қарпі, интервалы 1). Файлдар тек қана doc, docx, pdf форматтарында қабылданады. Пьеса файлының атауында кириллица таңбалары және бос орындар болмауы керек. Файлдың атауында тек қана латын таңбалары және белгілері болуы керек. Файлдың атауында бірінші орында автордың тегі, содан кейін пьесаның аты болуы керек: мәселен, Ionesko_Nosorog.doc

Хатта мынадай ақпарат болуы қажет: автордың аты, тегі, туған күні мен жылы, тұру орны (қаласы), пьесаның жазылған жылы.

Драма.KZ фестиваліне пьесасын жібере отырып, автор үзінділерінің фестивальдің әлеуметтік желілер парақшаларында, ал жеңімпаздардың пьесаларының толық нұсқаларының drama.kz сайтында жариялануына келісімін береді.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар