Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми-тәжірибелік негіздері» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді

18.11.2017 1028

«Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми-тәжірибелік негіздері» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында 2017 жылдың 23 қарашасында «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми –тәжірибелік негіздері» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияда Алаш зиялыларының қазақ терминжасам қағидаларын қалыптастырудағы орны, қазіргі терминжасам үдерістері, терминқорды жүйелеу, терминдерді түгендеу мен реттеу, стандарттаудың теориялық және ғылыми-практикалық мәселелері қозғалады.

Аталған конференцияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшелері, ҚР Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, терминолог-ғалымдар, докторанттар мен магистрлар, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың мен зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі 11

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Конституция залы.

Өткізілетін уақыты: 2017 жылғы 23 қараша

Басталуы сағат 10.00 де

Байланыс телефондары: 8 (7172) 40 83 93, 8 701 675 26 30.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: теория, ғылыми, негіздері, ғылыми-тәжірибелік, теориялық, терминқор, Ұлттық, конференция
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар