Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Әдебиет порталы» ұжымы Әкім Таразиді туған күнімен құттықтады!

09.09.2017 2531

«Әдебиет порталы» ұжымы Әкім Таразиді туған күнімен құттықтады!

«Әдебиет порталы» ұжымы біраз уақыттан бері Астанада тұратын аға буын ақын-жазушыларды туған күнімен құттықтап үйіне барып, мерейтой иесінің әңгімесін тыңдап, сұхбаттасып қайтуды дәстүрге айналдырған болатын. Сол дәстүрдің заңды жалғасы ретінде бүгін қазақтың аяулы қаламгері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, киносценарист Әкім Таразиді 84-ке келген мерейлі жасымен құттықтап қайттық.

Қазақ әдебиетіне «Құйрықты жұлдыз», «Тасжарған», «Кен», «Мұстафа Шоқай» секілді теңдессіз туындылар сыйлаған жазушы шығармашылығына құрмет көрсетіп, құттықтап келген портал қызметкерлерін жылы шыраймен қарсы алды.

«Қазір не жазып жүрсіз?» деген сауалымызға күнделік пен өмірінің әр кезеңінен естеліктер жазып жүргенін айтқан Әкім аға: «Кейінгі жастар қызғаныш деген қызыл иттен аулақ болса екен, керісінше өзінен озған адамға тілектестік білдіріп, оның қуанышына қуана білсе екен...» деген тілегін жеткізді.

Бұл Роза апайымыздың үлкен сапар – қажылықтан келіп жатқан беті екен. Ол кісі де жайған дастарханынан дәм татқызып, Меккеден келген зәм-зәм суы мен құрмадан ауыз тигізіп, портал жұмысына тілектестігін білдіріп жатты.

Қос жазушының құт қонған шаңырағына келіп, әңгімесін тыңдап, жылы лебізін естіп қайту жас әдебиетшілер мен журналистер үшін де қуанышты жағдай болды. Біз де өз кезегімізде жазушының деніне саулық әрі шығармашылық табыстар тілейміз!

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: туған, Таразиді, Әкім, ұжымы, порталы», «Әдебиет, күнімен, құттықтады!
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар