Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
28 ШІЛДЕ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ.

28.07.2017 1261

28 ШІЛДЕ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ.

ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕР

АҚЫНДАР

1456 — Джакопо Саннадзаро (Jacopo Sannazaro) (1530 жылы қайтыс болған), Италия ақыны.

Неаполда дүниеге келген ақынның әкесі 12 жассында дүние салады. Ақын ретінде тез танылған ол Петрарканың сарынында лирикалық өлеңдер жазды. Өзіне зор атақ алып келген «Аркадия» романын ақын 1480-1489 жыл аралығында жазып бітіреді. Роман Венецияда 1504 жылы жарық көреді. Ал 1526 жылы Саннадзаро «Пәк қыздың дүниеге келуі» (De partu Virginis) атты латын тіліндегі эипкалық поэмасын жариялайды. Бұл поэмаға ақын жиырма жылын сарп етеді. Шамамен 1500 өлең жинақталған поэма Ренессанс дәуіріндегі латын поэзиясының бірегейі ретінде әдебиетте қалды. Ақын өөмірінің соңғы жылдарында өзінің туған жері Неаполда өмір сүріп, 1530 жылы дүние салды.

1844 — Джерард Хопкинс (1889 жылы қайтыс болған), ағылшын ақыны.

Лондондағы Хайгейт мектебінде сосын Оксфорд университетінде білім алған ақын университет қабырғасында Роберт Бриджес ақынмен танысады. Кейіннен Р. Бриджес оның өлеңдерінің жарыққа шығуына мұрындық болады. Бұдан соң ақынның ағылшындар арасында атағы дүрілдеп, ірі ақындар санатына кіреді. Өмірінің соңғы жылдарында, яғни, 1884 жылы университет ішіндегі Дублин колледінде грек тілінен сабақ берген ақын көп ұзамай ауруға шалдығып көз жұмды.

ЖАЗУШЫЛАР

1812 — Юзеф Игнацы Крашевский (Józef Ignacy Kraszewski), Польша жазушысы, публицист, тарихшы (1887 жылы қайтыс болған).

Ол көптеген тарихи романдарды тудырып, Клеофас Факунд Пастернак (Kleofas Fakund Pasternak) лақап атымен танылады. Оның қаламынан 600 томдық роман, повест, поэтикалық, драматикалық туындыларымен қатар көптеген тарихи, этнографикалық, фольклорлық очерктер, публицистикалар, әдеби-сыни мақалалары туды.

Вилен университетінде білім алған қаламгер билікке қарсы топтардың өкілі ретінде тұтқындалады. Кейіннен вилендік «Атенеум» журналының редакторы болады. Жазушының атында Свислочь қаласында көше берілген.

1866 — Беатрикс Поттер (Beatrix Potter), ағылшын балалар жазушысы, суретші.

Англияда қарапайым отбасында дүниеге келген жазушы Беатрис жастайынан сурет салуға құмар болып өседі. Жазушының суреттегі және әдебиеттегі алғашқы талпыныстары 1902 жылдан басталады. Осы жылдары Фредерик Уорн баспасы оның «Питер қоян туралы ертегі» икітабын басып шығарады. Бұған дейін баспалардан қарсылық көріп келген жазушы енді жылына кем дегенде екі кітаптан жарыққа шығарып отырады.

Беатриса Поттер 1943 жылдың 22 желтоқсанында 77 жасында көз жұмды.

1822 — Аполлон Григорьев, орыс ақыны, сыншы ( 1864 жылы қайтыс болды).

1887 — Пётр Васильевич Орешин ( 1938 жылы қайтыс болды), жазушы.

1900 — Йозеф Кнап (Josef Knap) ( 1973 жылы қайтыс болды), шешен жазушысы.

1902 — Кеннет Флекснер Фиринг (Kenneth Flexner Fearing) (1961 жылы қайтыс болды), америкалық ақын, жазушы.

1909 — Алла Сергеевна Головина (1987 жылы қайтыс болды), жазушы.

1909 — Кларенс Малькольм Боден Лаури (Clarence Malcom Boden Lowry) (1957 жылы қайтыс болды), ағылшын және канадалық жазушы.

ДҮНИЕДЕН ОЗҒАНДАР

1960 — Этель Лилиан Войнич, ағылшын әйел-жазушы және композитор.

Ирландияның Корк қаласында дүниеге келген. Әкесі белгілі математик Джордж Буль ол дүниеге келісімен қайтыс болып, анасы бес қызымен жесір қалады. Этель сегізге толғанда оны атасының тәрбиесіне беріп, кейіннен Берлиндегі консерваторияға оқуға түседі. Лондонда жүргенде орыс жазушысы Степняк-Кравчинскимен танысады. Орыс жазушысы оған өзінің отаны Ресей туралы көп айтатын. Кейіннен жазушы Ресейге барып екі жыл сонда музыкадан және ағылшын тілінен сабақ береді. 1890 жылы польшалық әдебиетші В. М. Войничке тұрмысқа шығады. Ал 1896 жылы Этель өзінің болашақ кітабына ақпарат жинау үшін Италияға сапар шегеді. 1897 жылы оның "Шыбын" атты атақты романы АҚШ пен Англияда жарық көреді. Сондай-ақ, оның «Джек Реймонд», «Ресей әзілі» сынды романдары жарық көріп, орыстың көптеген классиктерінің шығармаларын ағылшын тіліне аударады. Оның ішінде Н. В. Гоголь, М. Ю. Лермонтов, Ф. М. Достоевский, М. Е. Салтыков-Щедрин, Г. Успенский, В. Гаршин және украин ақыны Т. Г. Шевченко да бар.

Этель Лилиан Войнич 1960 жылы 28 шілде күні 96 жасында көз жұмды.

2006 — Дэвид А. Геммел, ағылшын фантаст-жазушы.

АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАР

1958 — Мәскеуде Владимир Маяковскийдің ескертіші ашылды. Ескерткіш авторы Александр Кибальников болатын.

1980 —Владимира Высоцкийдің Мәскеуде жерлеу рәсімі өтті. Жерлеу рәсіміне жиналған халықтың көптігі соншалық қалада ине шаншар орын болмай, көліктер тоқтатылды.

Дайындаған: Наурызбек САРШАЕВ


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: ақындар, күнтізбе, әдебиет, жазушылар
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар