Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
25 ШІЛДЕ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ.

25.07.2017 1090

25 ШІЛДЕ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ.

Дүниеге келгендер

Жазушылар

1905 — Элиас Канетти, австриялық, болгариялық, британдық жазушы, 1981 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.

Болгарияның Русь қаласында дүниеге келген. Жазушының ең атақты шығармасы «Соқырлану». Жазушының сынға алған, шығармадағы басты кейіпкерлері – тобырлық қоғам болатын. Оның «Тобыр мен билік» атты туындысы да бар.

1929 - Василий Шукшин, орыс жазушысы, кинорежиссер, актер.

Орыстың белгілі жазушысы Василий Шукшин «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Лениндік сыйлықтың лауреаты.

Жазушы көптеген киностудияда жұмыс істеп, өзі сценарийлер жазып, соның негізінде көптеген фильмдер түсірді. Соның арқасында Халықаралық және Бүкілодақтық кинофестивальдердің сыйлығына ие болды.

Василий Шукшиннің пьесалары Алматыдағы, Павлодардағы, Қызылорда драма театрында да қойылды. Жазушы «Отан үшін от кешкендер» фильмін түсіру барысында жазушы кенеттен көз жұмды.

1789 — Михаил Загоскин, жазушы, тарихи романдардың авторы

Оның әкесі Загоскин жәрмеңкеден көптеген кітаптар әкеліп беретін. Содан ба екен ол небәрі он бір жасында өлең жаза бастады. «Леон и Зыдея» трагедиясы мен «Шөл» повесі сол жасында дүниеге келді. Жастайынан әдебиетке құштар болып өскен жазушы көптеген тарихи романдарымен есте қалды.

1853 — Дэвид Беласко, америкалық драматург, режиссер.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласында дүниеге келген жазушы жастайынан сахнада өнер көрсетуді армандайды. Ол сол арманына жетіп, театрда өнер көрсетіп, бірнеше рөлдерді сәтті сомдап шығады. Одан соң ол өзін режиссерлік қырын байқап көргісі келіп, көптеген спектаклдер қояды. Оның бұл еңбегі де еш кетпей «фотографиялық реализм шебері» деген атақ алады.

Дэвид Беласко 400 пьесаның авторы ретінде әдебиетте қалды. Соның ішінде ең танымалдысы «Мэриленда жүрегі», «Капельмейстер», «Питер Гриммнің оралуы», «Кики», «Лулу сұлу» сынды туындылары болатын.

Дүниеден озғандар

1834 — Сэмюэл Кольридж, ағылшын ақыны және философ

1772 жылы 21 қазанда дүниеге келген. Отбасында он баланың кенжесі болған. 1791 жылы Кэмбридж университетіне түскеннен соң әдебиетпен айналысуды бастайды. Ол ағылшындық романтизм өкілі болды. Оның «Кәрі теңізші» атты туындысы әлемге танылуына септігін тигізді.

1826 — Кондратий Федорович Рылеев, орыс ақыны, желтоқсаншы.

1795 жылы 1 қазанда дүниеге келді. Ол әдебиетке «Уақытша қызметкер» атты сатирасымен қалды. Рылеев өзінің поэзиясымен ғана емес, саяси көзқарасымен де ерекшеленді. Ол сол көзқарасының кесірінен тұтқынға алынып, кейіннен өлім жазасына кесіледі.

1826 жылы 25 шілде күні ақынға шығарылған бұйрық орындалып, ол көз жұмады.

1980 — Владимир Высоцкий, орыстың атақты ақыны, театр және кино актері.

1938 жылдың 25 қаңтарында Мәскеуде дүниеге келген ақынның әкесі соғыс кезінде өзге әйелге үйленіп, анасы екінші рет тұрмыс құрады.

1959 жылы Высоцкий фильмдегі ең алғашқы рөлін сомдайды. Дәл сол жылы өзінің сөзіне жазылған әнді Мәскеу университетінде орындайды. Одан соң ол кинода 30 рөл сомдайды. Высоцкий 700 ән жазып, өзі орындайды. Әнінің танымалдыққа ие болғаны соншалық ақынның әні үшін мызыкалық аппарат сатып алғандар да көптеп кездесті. Оның ән кешіне келген адамдардан ине шаншар жер болмады. Үш рет үйленген ақын ішімдік пен есірткіге әуес болады.

1980 жылдың 25 шілдесінде ақынның жүрегі мәңгілікке тоқтайды.

Айтулы оқиғалар

1794 —Парижде француз ақыны Андре Мари Шенье өлім жазасына кесілді.

Андре Шеньенің шығармашылығы тек ол қайтыс болғаннан кейін 1819 жылы ғана жарыққа шықты. 1794 жылы 7 наурызда тұтқынға алынып, көптеген өлеңдер жазды. Соның ішінде «Жас тұтқын» өлеңі кеңінен танымалдыққа ие болды. Оның сондай-ақ, «Элегии», «Аманат», «Одалар», «Әнұрандар» сынды өлеңдері жақсы бағаланды. Орыс тіліне ақынды

Александр Пушкин, Евгений Баратынский, Афанасий Фет, Алексей Толстой сынды мүйізі қарағайдай әдебиетшілері аударған.

Орыс ақыны, Владимир Высоцкийді еске алу күні.

Дайындаған: Наурызбек САРШАЕВ


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: ақындар, күнтізбе, әдебиет, жазушылар
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар