Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
БҮГІН 19 ШІЛДЕ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ

19.07.2017 2178

БҮГІН 19 ШІЛДЕ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ

Дүниеге келгендер

Ақындар:

1893 - Пьер-Луи Маттеи, Швейцария жазушысы, ақын.

1945 - Анна Энквист, Нидерландия жазушысы, ақын.

1944 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, Павел Васильев атындағы республикалық әдеби сыйлықтың лауреаты ГУНДАРЕВ Владимир Романович дүниеге келді.

Ресейде туған. Ақмола педагогикалық училищесін бітірген. Газет, радио, теледидар редакцияларында жұмыс істеген. 1970-1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Целиноград облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі қызметін атқарған. 1990 жылдан өзі ұйымдастырған «Нива» журналының бас редакторы болды. Қаламгердің «Деревня моя деревянная», «Какого цвета поле», «Через все испытания», «Капля в море», «Семь дней и вся жизнь», т.б. поэмалық, прозалық кітаптары жарық көрген. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

1893 — Владимир Маяковский (1930), орыс ақыны

«Өмір — мұхит кемесі күннің зырлар,

Ойға толы от қанат өтер жылдар.

Келер күндер жарқырар күмбезінде,

Маяковский шабытпен жазған жырлар»

Cырбай МӘУЛЕНОВ

1893 жылы осы күні орыс ақыны Владимир Маяковский Грузияда дүниеге келді. 1911 жылы ол А.Крученых, Д.Бурлюк, В.Хлебниковтармен бірге орыс футуристерінің әдеби тобын құрып, өздерін «кубуфутуристер» деп атайды. 1912 жылы Маяковский осы ақындармен бірге «Қоғамдық талғамға шапалақ» атты футуристер манифесін жариялады. 1914 жылы футуризмнің әдеби жиындарына қатысқаны үшін ол Мәскеудің кескін және көркемсурет училищесінен шығарылып та жібереді. 1913 жылы «Владимир Маяковский» трагедиясы Петербург театрында қойылып, трагедияны Б.Пастернак жоғары бағалайды. Оның «Соғыс жарияланды», «Ана және немістер зая кылған кеш» өлеңдерінде соғыстың мағынасыз қантөгіс екені суреттеледі. Шығармаларындағы жаңа белес «Шалбарлы бұлт», «Соғыс және бейбітшілік», «Адам» поэмалары. Қазан төңкерісінен кейінгі шығармаларында өмір болмысын, шындықты суреттей отырып, ақын шығармаларының негізгі әдісі - төңкерісшіл романтизм үлгісіндегі «Біздің марш», «Солға марш», «Бұл туралы», «Владимир Ильич Ленин» поэмаларын жазды. Кезең талабына үн қосып, партия, кеңес өкіметі шешімдеріне сай үгіт-насихатқа берілгенімен, жаңа жағымсыз болмыс құбылысын да аяусыз әшкереледі. («Кеңес төлқұжаты туралы өлең»). Ақын қоғамдағы кемшіліктерді көре білді, кеңестік тоғышарлықты, бюрократизмді, билік пен басқаруды, тұтастай алғанда тоталитарлық жүйені сынап әшкереледі. «Қандала», «Монша» пьесалары Маяковскийдің сол жүйеге қарсылығының, ой қақтығысының көрінісі.

Маяковский шетелдерде (АҚШ, Германия, Испания, Мексика, Франция, Куба) болып, «Париж», «Америка туралы жырлар» атты шығармалар жариялады. Маяковскийдің 20-жылдардың соңына таман жазған шығармаларында трагедиялық сарын жиі көрініс тапты («Қаржы инспекторымен поэзия туралы әңгіме»).

Маяковскийдің шығармашылық ізденісі, поэтикалық жаңашылдығы орыс әдебиетіне, сондай-ақ қазақ ақын-жазушыларына да көп ықпал етті (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков).

Ақынның қазақ тілінде «Бар дауыспен», «Таңдамалы өлеңдер» шығармалары жарық көрді.

Бүгін, сонымен қатар, жас ақындар Ләззат Мақаш пен Еркебұлан Кенеханның туған күні!

Жастар арасында әдемі лирикасымен танылып келе жатқан жас ақын Ләззат Мақаш – 1995 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келген. Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдығына арналған республикалық студенттер мүшайрасының III орын иегері. Өлендері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып жүр.

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Еркебұлан Кенехан 1991 жылы 19 шілдеде дүниеге келген. Небәрі 18 жасында "Рухтың адасуы" атты алғашқы жыр-кітабын шығарып, кітапқа белгілі ақын Мұхтар Шаханов алғысөзін жазып, батасын берген болатын.
Қос жас ақынды да туған күндерімен құттықтаймыз!

Жазушылар:

1819 — Готфрид Келлер, швейцар жазушысы.

1849 — Фердинанд Брюнетьер, француз жазушысы, сыншы.

1855 — Александр Иванович Эртель, орыс жазушысы.

1896 — Арчибальд Кронин, ағылшын жазушысы

1910 — Франсиско Колоане Карденас, чили жазушысы.

1698 - Иоганн Якоб Бодмер, Швейцария жазушысы.

1920 - Морис Бюкай, Франция жазушысы.

1962 - Ая Кито, Жапон жазушысы.

1879 - Ференц Мора, Венгрия жазушысы.

1785 - Мари-Жак-Жозеф-Викторен Фабр, Франция жазушысы.

Дүниеден озғандар:

1855 - Константин Батюшков, орыс ақыны

1957 — Курцио Малапарте (шын аты Курт Эрих Зукерт), неміс текті италияндық жазушысы

1374 — Франческо Петрарка (1304), Италия ақыны, Қайта жаңғыру дәуірінің ең үлкен қайраткердің бiрi.

Франческо Петрарка - итальяндық данышпан, ақын, көне кезеңдік классиканың жаңартушысы. Әкесінің қуғын-сүргінге ұшырауынан жанұясы бүкіл Тоскан жерін кезіп, 1312 жылы Франциядағы Авиньонның жанындағы Карпантрас қаласына көшіп келеді. 1316-1326 жылдары Манпелье және Балони университеттерінде құқық бөлімінде оқиды. Бірақ құқықтанушы әкесінің жолын қумай, құдайға шын сенушілігімен өзінің рухани даму көздерін іздейді.

1352 жылдың 18-наурызында науқастанып қалған Клемент 4-ші әкейге хат жібереді. Ол хатында білімі мен тәжірибесінде емес, бос сөздерімен жарысатын дәрігерлерден сақтануын сұрайды. Өзінің хатын : «Шіркеуге, бізге және өзіңізге саулық тілесеңіз, адам тәніне ем болатын шын сеніміңіз бен жан тазалығыңызды сақтаңыз» деп аяқтайды.Бұл ашық хат сол кездегі бас дәрігердің қарсылық хатын туындайды. Сәуір айының ортасында, бір күннің ішінде «Дәрігерге қарсы тұжырым» кітаптар топтамасының бірінші кітабын жазып шығады, ал 1353 жылы бұл топтамадағы келесі үш кітабы жарық көреді. Петрарка көбіне сұқбат тұрінде, сұрақ-жауап мәнерінде жазады. Біріншіден ақын қандай да бір жан қызығушылығын, өнерді сезгеніндей, толық түсінушілікке жеткізуге тырысады. Екіншіден, Петрарканың «сұқбаттары» - классикалық көне көздің энциклопедиясы деуге болады. Ондағы сол кездегі тарихи деректер, әзіл әңгімелер, мақалдар кейде өзекті ойдан алшақтап, ығысып жатуы оқырмандарды таң қалдырмауы тиіс.

Петрарка шығармаларында махаббат лирикасы ерекше орын алды. “Канцоньере” (“Өлеңдер жинағы”) aтты 2 бөлімді жинағында “Мадонна Лаураның өліміне” арнаған туындылары жарияланды. Куртуаздық лирика дәстүрінде жазылған жинаққа 317 сонет, 29 канцон, 9 сикстин, 7 баллада, 4 мадригал, махаббат, философия, саяси тақырыптарға арналған үндеулер енді. Оның бұл жинағы ұзақ уақыт бойына еуропа лирикасының көшбасшысы болып келді. Петрарка өз заманындa классик. көне мәдениетті жаңғыртушы, сөз өнерін мадақтаушы ретінде танылса, 16 ғасырдан тек поэзияда ғана емес, эстетика пен сыншыл ой төңірегінде де петраркизм дәуірі басталды. Сципион Африканскийдің жорықтары туралы жазылған “Африка” aтты эпикалық поэмасы Рим мен Карфаген арасындағы соғысты суреттеді. Вергилийге еліктеп жазған 12 эклогтан тұратын “Буколиктер” еңбегі жарық көрді. Петрарка еуропа әдебиетінде aлғаш хат үлгісіндегі трактаттар жазды. Әулие Августинмен диалог түрінде құрылған “Дүниенің келеңсіздігі туралы” философиялық трактатында өзін-өзі байқау, тексеру көрініс тапқан. “Салтанат” Лаураға жолдаған аллегориялық арнау болса, автобиографиялық прозаның үлгісі “Ұрпаққа хат”, “Проза туралы трактаттар” тағы да басқа туындыларынан көрінеді.

Лаура де Нове мен Франческо Петрарканың оқиғалары Дантенің бастан кешкендеріне өте ұқсас келеді. Бірақ, бұл оқиға бір ғасырдан кейін орын алған. Лаура - өз заманында аса беделді болған Гуго II де Сада графтың әйелі болады. Петрарка оны алғаш рет 1327 жылы 6 сәуірде Санта-Кьяра шіркеуінде көрген. Осы таныстықтан кейін италиялық ақын Лаураның ізін 21 жыл бойы аңдумен өтеді. Арада 21 жыл өткен соң, графтың жұбайы он бірінші перзентін дүниеге әкеліп, қайтыс болады. Ақын оның өліміне қатты қайғырып, он жыл бойы аза тұтып, көптеген сонеттер жазып шығады. Франческо Петрарканың сонеттерін "Өмірге", "Лаураның өліміне" деп екіге бөліп қарастыруға болады.

Айтулы оқиға:

1916 (101 жыл бұрын) – Орыстың белгілі ақыны Александр БЛОК әскерге шақырылды.

1937 (80 жыл бұрын) – Жазушы Николай ОЛЕЙНИКОВ халық жауы әрі тыңшы деп айыпталды.

Дайындаған: Наурызбек САРШАЕВ


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: жазушылар, әдебиет, күнтізбе, ақындар
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар