Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Аудио
Шарғын Алғазұлы

Шарғын Алғазұлы

Ақын Шарғын Алғазыұлы, 1903 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ұзынтамда дүниеге келген.

1920-1921 жылдары ақын мектебінде ақын Додабаев Маңұтаннан дәріс алған. 1925-1930 жылдары болыстық атқару күнде хатшы болып, ауылды ұжымдастыру науқанына белсене араласады. 1932 жылы асыра сілтеушіліктің қамымен Қытайға қонс аударуға мәжбүр болады. 1934 - 1958 жылдар аралығында Қытайдағы қазақ ақындарында ағартушылықпен айналысып, мұғалім, мектеп директоры, ауданы оқу мәдениет бөлімдерінің меңгерушісі, халық кеңесінің хатшысы сияқты қызметтер атқарады. Ақын Таңжарық Жолдыұлымен бірлесіп, Құлжада тұңғыш қазақ газеті Іле газетін шығаруға ат салысады. Бұдан кейінгі ашылған Төңкеріс таңы, Білім арнасы, Одақ т.б. газет-журналдарда шығармалары жарияланып тұрған.

А.Таңжарықпен, Нәсілхан қызбен, Күлшарханмен айтысып, Шалкөде жырдың жайлауы дастанын шығарады. Оның туындылары Шыңжаңның барлық баспасөз беттерінде, Пекиндегі Ұлұқтар журналында басылды. 1958 жылдары туған жерге оралып, алуан түрлі салаларда қызмет атқарды. Өзі қайтыс болғаннан соң, 1992 жылы шығармалары Көшкеруен атты жеке жинақ болып басылып шыққан.

Ақын Шарғын Алғазыұлы, 1988 жылы Райымбек ауданында дүниеден өткен.

21.09.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру: