Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Поэзия әлемі

Поэзия әлемі атты бұл топтамада қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Жәркен Бөдешұлы, Есенғали Раушанов, Мұрат Шаймаран, Талғат Ешенұлы, Ықылас Ожайұлының өлеңдері енген. Жәркен жыраудың өлеңдерінен өзі туған Жайырдың желіндей асау екпін байқалады. Есенғалидың өлеңдері ұлттық болмыс пен бояуы қанық. Шығыстың шайырларындай толғанатын Мұрат ақынның өлеңдері тыңдаған жанды бей-жай қалдырмасы анық. Жаңа стиль мен жаңаша поэзияның өкілдері Талғат пен Ықылас жастар арасында өте танымал ақындар. Дәстүрлі поэзиядан нәр ала отырып, қара өлеңді дамытып түрленте жырлайды. Қай-қайсы да оқырманнан өз бағасын алған ақындар. Әр ақын өз биігінде жырлап, қазақ поэзиясын өрлетті десек, қателеспеспіз. Жаңа ғасырдың жаңа үнін тыңдаңыздар, құрметті өлеңсүйер қауым.

 

Оқыған: Ғылымхал Манай

06.09.2019
Бөлісу:
Пікір қалдыру: