Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Мерей Қарт

Ақын. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. Республикалық «Алтын тобылғы» әдеби байқауының гран-при иегері.  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.  Төлеген Айбергенов төсбелгісінің иегері.

 

   Ерлан Төлеубай. Ұлы даланы ұран ғып...
 
Әннің де туу тарихы қызық. Кейде кеуде түкпіріңе қонақтаған әуеннің не айтқалы тұрғанын тап басып тани алмай ділгіресің. Сол ырғақ сені тыныш жатқызбайды, түн ұйқыңды төрт бөледі. Дегенмен мазаңды қашырып, жаныңды жай таптырмаған сол әуез, сол ырғақ шырылдаған балапаннан бір күні қанатын қомдаған қыранға айналады. Міне, сол кезде сен оны ұшыратын бағыт іздейсің. Бағыт -  сөз. Сөз болғанда да, мірдің оғындай сөз, әуеннің өзегіне түсіп кететін сөз!
 
Ал кейде керісінше, керемет өлең тыңдайсың. Сол сәтте жүрегіңде әлдене шымыр ете түседі. Ақынның аузынан төгілген сөзге көкейіңде әуен ілеседі. Тұла бойыңа діріл жүгіреді. Болды. Жаңа ән туды деген осы!
Естеріңізде болса, жыл басында Елбасы жастармен кездескен. Сол жиында адуынды жас ақын Мерей Қарт бір ғажап өлең оқыған еді. Құлағыма бірден аттың дүбірі келді. Сол дүбір домбыраның күмбіріне ұласты ма, қобыздың ызыңына жалғасты ма, әйтеуір мені өзіне баурап алды. Құлақты айтасыз, көзіме сайын даланы еркін жайлаған Сақ бабалар елестегендей болды... «Ұлы дала ұраны» әнім осылай өмірге келді.
 
Мерейің тасып жүргір Мерей Қарт бауырым мен талантты әнші інім Данияр Рахымбайға алғысым шексіз! Бағасын беру – сіздердің шаруа. Бірақ тыңдағанда құлақтарыңызға тұлпардың дүбірі келеріне сөз бердім! 
 
 
Жаңа ән! 
 «Ұлы дала ұраны»
Сөзі: Мерей Қарт
Әні: Ерлан Төлеубай
Орындаған: Данияр Рахымбай
 
 
 
 
17.05.2019
Бөлісу:

Пікірлер (3)

Бауыржан

17.05.2019 15:11
Өте жақсы ән!!!

Арай

17.05.2019 15:31
Керемет

Аяулым

17.05.2019 19:05
керемет ән
Пікір қалдыру: