Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Аудио
Қазақ ертегілері

Қазақ ертегілері

Сауық Мәсіғұтқызы Жақанова - 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Еркіндік ауылында дүниеге келген. Әкесі - Жақанов Мәсіғұт, марқұм. Анасы - Жақанова Зайра, марқұм. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1966), филолог. Доцент. «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

 

1966-2002 жылдары - Қазақ радиосының дикторы. 1998 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері.

 

2000 жылдан бері - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1995). Діни көзқарасы - ислам. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлденген Қазақстанның келешегіне сенемін».

22.09.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру: