Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Есей Жеңісұлы

Есей Жеңісұлы – 1978 жылдың 9 қаңтарында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылында туған. А.Нүсіпбеков атындағы мектептің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. «Жас Алаш», «Жас қазақ», «Дала мен қала», «Ұлан» газеттерінде, «Қазақстан» телерадио корпорациясында, Президенттің баспасөз қызметінде жұмыстар атқарған. Қазір «Айқын» газетінің тілшісі. «Бір жарық», «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!» кітаптарының авторы. Есей Жеңісұлы ең алдымен – ақын. Ақынның үні қарапайым поэзия тілімен жүректі тербей, бұра тартуға көнбей, рухыңыздың ең түпкі тамырына енбей қоймайды.
 

12.07.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру: