Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Жанрлар
Ғылыми-танымдық әдебиет
Ғылыми-танымдық әдебиет

Е-Кітапхана

Ғылыми-танымдық әдебиет – белгілі бір ғылым туралы, сол ғылымды дамытқан ғалымдар жөнінде жазылған шығармалардың жалпы атауы. Ғылыми-көпшілік әдебиет, негізінен, сол саланың маманы емес адамдарға түсінікті тілмен жазылады. Тақырыбы жағынан ғалымдар ғұмырнамасын, іргелі және қолданбалы ғылымдар саласын, жиһанкездер саяхатын, т.б. қамтиды. Ғылыми-көпшілік әдебиет ғылымның жетістігін көпшілік қауымға насихаттаушы болып табылады. Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» және М.В.Ломоносовтың «Шынының пайдасы туралы хаты» осы бағытта жазылған шығармалардың алғашқылары. Кейін Ф.Ф.Павленконың «Пайдалы білімдердің кітапханасы», В.В.Лункевичтің «Ғылыми-танымдық кітапханасы», «Тамаша адамдар өмірі» (200 кітап), т.б. елеулі еңбектер жарық көрді. Қазақ тілінде жарық көрген «Өнегелі өмір» сериясын, «Негеш», «Шаңырақ» энциклопедияларын осындай еңбектер санатына жатқызуға болады.

Көп оқылғандар