Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-80190-5-0
Беттер саны:
208 бет
Жанр:
Сезім
Ұсыну

Бұл альбом Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер Академиясының академигі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕМУ-нің дизайн кафедрасының профессоры Тілеужан Батановтың шығармашылығын көрсетеді.

Суретші өз туындыларын жасай отырып, өнердің әр түріне, техникалар мен материалдарға жүгінеді. Осыған байланысты альбомның құрылымы негізінен үш иллюстрациялық материалдан: мүсін, акварельді туынды және майлы бояу кескіндемесінен тұрады. Альбом шын мәнісінде ретроспективті басылым бола отырып, суретшінің түрлі жылдардағы шығармашылығын айқындайды.

Тілеужан Бағыбайұлы өзінің сүйікті шығармашылығымен айналысатын талантты суретші ғана емес, ол сонымен бірге педагог. Ол Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының көркемөнер училищесінде сабақ берген, қазіргі уақытта Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кафедрасының профессоры. Оның жұмыстары көрсетілген альбом суретшілер мен дизайнерлерге ғана емес, студенттерге, оқырмандардың кең ауқымына да қызықты болады.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар