Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Өз елім – өзегім
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-7023-58-4
Беттер саны:
264 бет
Жанр:
Эссе  Естелік 
Өз елім – өзегім
Ұсыну
Замандар зобалаңы аз қазақты сайын даласына сыйғызбай, телім-телім етіп, жер-әлемге тентіретіп жіберген. Өткен ғасырдың соңында ғана бұғаудан босанған қазақ тұсауы ағытылған тұлпардай сілкініп, Тәуелсіз ел ретіндегі алғашқы қадамын ұлт басындағы осы қасіретті жоюдан бастады. Тұңғыш Президентіміз түбі бір түрік жұртына жасаған алғашқы сапарында сол елде өмір сүріп жатқан қандастарымызбен кездескен, кеңескен, қамкөңіл ағайынды уатқан, қуантқан. Ұлт болып ұйысу жолдарын бірге белгілеуге шақырған.

Бұл кітапта елдігіміздің елең-алаң шағындағы шапағатты шаралар туралы айтылады. Тәуелсіздік табиғаты, Президент парасаты ашыла түседі. Эмиграцияның егжей-тегжейі сөз болады. Естелік, эссе, толғау, хикаяттар түрінде талқыға түскен тағдырлар көрінеді. Туысқан тұлғалар таныстырылады. Қилы-қилы тағдырлар арасында жазушының жан-дүниесі де аңғарылады. Зерделі зерттеуге, дәл дерекке, толымды тарихқа, толғаулы тағдыр мен тағылымға жаны құштар оқырманның ағайынтану, диаспорология төңірегіндегі танымын аталмыш кітап тереңдете түседі.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар