Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Өшпес даңқ
Рейтинг: 5.000
ISBN:
978-601-7299-16-3
Беттер саны:
480 бет
Жанр:
Өшпес даңқ
Ұсыну
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, “Қазақ баспасөзіне сіңірген айрықша еңбегі үшін” дипломының иегері. Тілеу Көлбаевтың «Өшпес даңқ» кітабында Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда жасақталған 100-ші, Ақтөбеде жасақталған 101-ші қазақтың ұлттық атқыштар бригадаларының өміртіршілігі, Отан қорғауға қалай дайындалғаннан бастап, отты жылдар кезіндегі жорық жолдары мен жекелеген жауынгерлер ерлігі сөз етіледі.

Кітап мұрағат құжаттары мен уақыт сынынан өткен, жарияланған деректердің, соғыс пен тыл ардагерлерінің естеліктері негізінде жазылған. Кітапта 980 майдангердің қай жерде қаза тауып, қай жерде жерленгені және олардың туған-туысқандары жайлы мәлімет берілген.

Еңбекте жинақталған қызғылықты деректер жасөспірімдерді аға ұрпақтың жауынгерлік ерлігі дәстүрінде тәрбиелеуге себін тигізетініне сенеміз.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар